Қоғам

Қошанов: «Конституциядан орыс тілін алып тастаудың қажеті жоқ»

Ал біз көпұлтты мемлекетпіз ғой.

Елде Конституциядағы орыс тілінің мәртебесін алып тастау туралы халық петиция жариялаған.

Бұған қатысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

«Петицияны бастамашыл топ жариялаған шығар, халық жариялады деп айтуға болмас. Мен сіздерге қарсы сұрақ қояр едім: қазақ тілін одан ары дамыту маңызды ма, әлде орыс тілін алып тастаған маңызды ма? Менің ойымша, қазақ тілін дамытуға акцент беруіміз керек. Оны қалай дамытамыз? Журналистердің бәрі тек қазақ тілінде сөйлесе ме? Шынын айтайын, депутаттардың бәрі бірдей қазақ тілінде сөйлемейді. Сондықтан қазақтар қазақ тілінде сөйлесіп, өзге ұлт өкілдерін қазақша сөйлеуге тарту керек. Бірінші мәселе – осы. Ал біз көпұлтты мемлекетпіз ғой. Олар бір-бірімен сөйлесуі үшін орыс тілі қажет. Бүгінде Конституциядан орыс тілін алып тастаудың қажеті жоқ деп есептеймін», – деді Қошанов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1.7 / 5. Бағалар саны: 15

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.