ӘлемдеҚоғам

Тойда көз жұмған қалыңдықтың орнына сіңілісі тұрмысқа шықты

1
(1)

Үндістанда қалыңдық неке қию рәсімінде көз жұмды. Ал оның жанұясы тойды тоқтатпауды жөн көріп, күйеу жігітке марқұм қыздың сіңілісін тұрмысқа берген деп жазады centralasia.media.

Оқиға Үндістандағы Самаспур ауылында болған. Қалыңдық пен күйеу жігіт қорытынды «фера» той рәсіміне дайындалып жатқанда қалыңдық ойда-жоқта есінен танып қалған. Оқиға орнына келіп жеткен дәрігер оның өлімін тіркеген. Қалыңдықтың күтпеген жерден жүрегі тоқтап қалған екен.

Біз бұл жағдайда не істерімізді білмедік. Жанұямызбен келісе отырып, кіші қарындасымызды тұрмысқа береміз деп шештік», – дейді қыздардың ағасы. Айтуынша, марқұм қыздың денесі күйеу жігіт пен қалыңдықтың неке қию рәсімі өткен жердің маңындағы бөлмеде жатқан. «Бұл – біздің жанұямыз үшін ауыр сынақ. Бірінші қызы бір бөлмеде өлі күйінде жатты, ал келесі бөлмеде екінші қызының тойы өтіп жатты. Мұндай аралас эмоцияны ешқашан бастан өткермегенбіз», – дейді қыздардың жақын туысы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button