Қоғам

Оралды Ресейге беруді ұсынған ер адамдар жазаланбайтын болды

Чат-рулеткада Оралды Ресейге беруді ұсынған ер адамдар жазадан құтылып кетті деп Newsroom.kz хабарлайды Stan.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Полиция ер адамдардың айтқан сөзінде «қылмыс құрамы жоқ» деп жауап берген. 

«2023 жылдың 14 ақпанында басылымның сауалына берген жауапта видеодағы ер адамдарға қатысты тергеудің тоқтатылғанын мәлімдеді, себебі олардың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ. Полицияда тергеудің тоқтатылғанын, ал сараптама қорытындысы бойынша олардың айтқанында сепаратизм мен ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері жоқ екенін нақтылап өтті», – деді басылым өкілдері. 

2022 жылдың қарашасында ер адамдар мен блогер чат-рулеткада сөйлескен. Сұрақтарға жауап беру кезінде олар Қазақстанға қарсы агрессияны қолдап, Оралды және Чапаев ауылына дейінгі аумақты Ресейге беруді ұсынған. 

«Бірінші кезекте Оралды алыңдар, қолға автомат берсеңдер болды. Чапаевқа дейін алыңдар. «Рұқсат» берсеңдер болғаны, барлығымыз сол жаққа барамыз. Қазақстанды түгелдей алып барамыз. Дайынбыз, тек күтіп жүрміз», – дейді БҚО тұрғындары. 

Видеодағы ер адамдардың бірі Василий Худабырдаев пен кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталды. Олар видео түсіріп, көпшіліктен кешірім сұраған. Кейін полиция тұрғындарды үйлеріне жіберіпті. 

Фото: Stan.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.