Қоғам

Елордада қоғамдық көлікте жолақы өсе ме

Қазіргі уақытта елордада қоғамдық көліктегі жолақыны көтеру мәселесі жоспарланып отырған жоқ. Бұл жайында City Transportation Systems (CTS) компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Қоғамдық көлікте жолақы төлемін көтеру жоспарланып отырған жоқ. 2014 жылдан бері жолақысы 90 теңгені құрайды. 8 жыл бойы еш өзгерген жоқ. Әрине, 8 жылдың ішінде бәрі қымбаттады. Бірақ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жолақының көтерілуіне жол бермейді және қоғамдық көлік шығыстарын субсидиялайды», – деп атап өтті компанияның баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар компанияның түсіндіруінше, тариф көтеру – бұл қоғамдық тыңдау өткізу, мәслихатта жолақының көтерілуін дәлелдеу сынды үлкен жұмыс. Содан кейін ғана тарифке қатысты шешім қабылданады. Ал қазіргі уақытта мұндай әңгіме қозғалып отырған жоқ.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.