Қоғам

Жасырын цехтер алкоголь өнімдерін қайда шығарып келген?

Түркістан облысында жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цехтер анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Түркістан облысында қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, контрафактілі алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын екі цех анықталды. Жасанды алкоголь өнімдерінің басым бөлігі антисанитарлық жағдайда әзірленген. Бұл тұрғындардың өмірі мен денсаулығына аса қауіпті.

Танымал брендтердің алкоголь өнімдері табылып, тәркіленді. 3 мыңнан астам бөтелке, 3,5 мыңнан астам есепке алу-бақылау маркалары, 1 тоннадан астам спирт, арақтың танымал маркаларының этикеткасы, қаптама материалдары алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп атап өтеді агенттіктен.

 

Тілші бала

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.