Қоғам

Науқас баланың арманын кім орындады?

Димаш Құдайберген өзімен кездескісі келетін ерекше баланың арманын орындады. Ол Дулат есімді 7 жасар бүлдіршінмен Дубайда кездесті деп жазады newsroom.kz порталы oinet.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесуді «Менің арманым» корпоративтік қоры ұйымдастырған. Қор өкілі Шолпан Арнауттың айтуынша, олардың басты мақсаты – ауыр дертке шалдыққан балалардың арманын орындау. 1,5 жылдан бері жұмыс істеп келетін қор Дубайда 100-ші баланың қалауын орындады. Әсерлі сәттің видеосын Димаш Құдайберген желідегі парақшасында жариялады.

«25 Наурызда Дубайдағы концерттен кейін мен жаңа досым Дулатпен таныстым. Бұл бала маған ең бастысы – өмірді сүюді, адамдарды жақсы көруді және бақытпен бөлісуді үйретті. Дулат бәрін қорғағысы келетін періште сияқты. Ол бәріне сүйіспеншілік танытып, ризашылық білдіп құшақтай берді. Мені осындай ерекше балапанмен таныстырғаны үшін «Менің арманым» жобасының ұйымдастырушыларына рахмет»,-  деп жазды Димаш.

 

 

Тілші бала

 

 

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.