Қоғам

Жұғысты болсын! Алматы тұрғыны 14-ші баласын туды

Көпбалалы ана тұңғышы да әке болуға дайын жүргенін айтты.

Жеті ұл, жеті қыз: Алматы тұрғыны 14-ші баласын дүниеге әкелді деп жазады «Халық үні» телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. 

Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны 14-ші баласын дүниеге әкелді. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлаған.

Көпбалалы ана сәбиін Алматы қалалық перинаталды орталықта босанды. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің бойы 55 см, салмағы 4 келіден астам. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы бірқалыпты екен.

– Ұжым болып атсалысып, әйел он төртінші баласын аман-есен босанды. Салмағы 4 келіден асатын қыз бала дүниеге келді, – деді қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Жәмиля Исаева.

Өмірге жеті ұл мен жеті қыз әкелген көпбалалы ана тұңғышы да әке болуға дайын жүргенін айтты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.