Қаржы

Елімізде қарыздар мен микрокредиттер ресімдеудің қағидалары өзгертіледі

Қазақстанда 15 мамырдан бастап қарыздар мен микрокредиттер ресімдеудің жаңа қағидалары қолданылады, деп Newsroom.kz хабарлайды Bugin.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Fingramota.kz сайтында жарияланған ақпарат бойынша, ақпан айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және қарыз алушыларға банктік қарыздар мен салымдар, сондай-ақ микрокредиттер бойынша толық құны туралы ақпаратты дұрыс беру үшін 2 қаулы қабылдаған. Аталған құжаттар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізілуі керек. Бұл 15 мамырға сәйкес келіп отыр. 

Осылайша енді банктер мен микроқаржы ұйымдары шарттарда және өз жарнамаларында жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін және номиналды сыйақы мөлшерлемесін көрсеткен кезде олардың қаріп мөлшері мен стилі бойынша бірдей ресімделуін ұстануға тиіс. Яғни, адам несие рәсімдегенде не жарнамаға көз салғанда номиналды пайызы ғана бірден көрінбейді. Қосымша жанында жылдық мөлшерлеме пайызы да қатар тұрады. 

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі –  бұл банк пен МҚҰ қызметтері бойынша сенімді, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі (нақты құны) сыйақы мөлшерлемесі. Оған қарызды беруге және қызмет көрсетуге байланысты барлық комиссиялардан, төлемдерден, яғни кредит бойынша артық төлемнің нақты көрсеткішінен тұрады.

Ал номиналды мөлшерлеме – бұл комиссиялар мен басқа төлемдерді есепке алмағанда, қарызды пайдаланғаны үшін ай сайынғы сыйақы есептелетін мөлшерлеме.

“Сондықтан ЖТСМ банктің кредит бойынша сыйақысын (пайыздарды) ғана емес, сонымен қатар қарызды беруге және қызмет көрсетуге байланысты барлық басқа комиссияларды, төлемдерді ескеретін негізгі мөлшерлеме болып табылады. Қарыз алушы кредит алу қарыз сомасын, есептелген сыйақыны (номиналды мөлшерлемені) қайтарумен ғана емес, сондай-ақ қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де комиссияларды, төлемдерді төлеумен де байланысты екенін түсінуі қажет”, – делінген ақпаратта.

Фото: Taunews.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.