Қаржы

Көрші елдердегі соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Қақтығыс неғұрлым ұзаққа созылса, оның салдары соғұрлым көп болуы мүмкін

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Украина төңірегіндегі жағдайдың Қазақстан экономикасына әсеріне қатысты пікір білдірді.

«Үкімет пен Ұлттық банк дағдарысқа қарсы жоспар дайындады. Экономикаға әсері қандай болатынын айтуға әлі ерте. Бұған уақыт керек – жанжалдың қалай шешілетінін білмейміз. Келіссөз жүргізілсе, 2-3 күнде шешілуі де мүмкін.

Қақтығыс ұзаққа созылса, әрине, оның экономикамызға тигізетін әсері көбірек болады. Қақтығыс неғұрлым ұзаққа созылса, оның салдары соғұрлым көп болуы мүмкін», – дейді Ә.Қуантыров.

Сонымен қатар министр мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келе жатқанын, бұл Қазақстан бюджеті үшін қолайлы фактор екенін атап өтті. Мұнай бағасы кем дегенде 89 доллар болса, Ұлттық қорға шамамен 1-2 триллион теңге түседі деп болжанып отыр. Болашақта бұл ақшаны экономикаға құюға пайдалануға болады.

Әзірге үкімет Қазақстанның жалпы ішкі өнімі бойынша болжамын қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ.

«Бірақ бірнеше күн бұрын болған сценарийлер ауыр соққы болуы мүмкін. Сондықтан дағдарысқа қарсы бұл жоспар біз жоспарлаған көрсеткіштерге жету үшін немесе, ең болмағанда, экономикаға қысымды барынша азайту үшін дайындалып отыр», – деді министр.

Қуантыров қазіргі жағдайдан пайда табуға шақырып, батыс әуе компанияларына салынған санкцияларды мысалға келтірді.

«Артықшылықтары бар, біз осы мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. Мысалы, шетелдік әуе компаниялары айналып ұшқан кезде Қазақстан арқылы өтеді. Ұшақ біздің әуе аумағымызды кесіп өткенде біз ақы аламыз. Оған қоса, қандай да бір тауар ағындары болады», – деп түйіндеді министр.

«Замана»-ақпарат.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.