Қаржы

Жер учаскелері қашан? Қазақтар Түркиядан 507 пәтер сатып алған

Қазақстанға қарағанда Аланиядағы өмір жайлы екенін, түрік жігітіне тұрмысқа шығып қоймаса, қызының өмірін жайлы ететін жоспарларымен бөлісті. 

2021 жылдың жаз айларында қазақстандықтар Түркиядан 507 пәтер сатып алған. Бұл туралы @2049 телеграм каналына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. 

Осылайша Қазақстан азаматтары Германия мен Кувейтке қатар келіп, Түркиядан жылжымайтын мүлік сатып алу жағынан алтыншы орынға ие болған. Қазіргі кезде ондыққа кіріп отырған қазақстандықтар Алания, Анталия секілді қалаларға жиі бет бұрған.

2020 жылы бұл көрсеткіш елу пайызға өссе, биылғы жаздағы көрсеткіш жоғары нәтиже көрсетіп отыр.

Осыдан болса керек, қазір Түркияда мүлік бағасы шарықтап кеткен. Бұрын 300-400 мың доллар ғана тұратын үйлер қазір 700-750 мың долларға көтерілген.

Аты-жөнін айтпауды өтінген newsroom.kz порталының сұхбаттасушысы Аланиядан екі бөлмелі пәтерді 55 мың долларға сатып алғанын және ол бағаға әулідегі бассейн, көлік қоятын орын және ремонты жақсы әрі жайлы үй қолжетімді екенін айтқан. Шетелдегі жалғыз қызы оқу бітіріп елге қайтқанда Қазақстанға келтірмей Түркиядағы пәтеріне жайғастырған ол Қазақстанға қарағанда Аланиядағы өмір жайлы екенін, түрік жігітіне тұрмысқа шығып қоймаса, қызының өмірін жайлы ететін жоспарларымен бөлісті. 

Айта кететін жайт, Түркиядан кез-келген адам үй сатып ала-алады. Ол үшін нотариус келісімі мен банктен анықтама болса жеткені екен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.6 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.