Қаржы

Қазақ-Өзбек бизнес-форумында 73 млн. АҚШ долларына келісімшарт жасалды

Өзбекстанның Ташкент қаласында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен өңіраралық қазақ-өзбек бизнес-форумы өтіп жатыр. Онда 73 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы 9 құжатқа қол қойылды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге қос елдің 500-ден астам кәсіпкері қатысты.

Ташкент қаласында өтіп жатқан бизнес-форум шеңберінде Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бойынша, сүт-тауар фермасын салу, полипропилен қаптарын шығару, иірілген жіп өндірісі, алма, қара өрік және табиғи шырындарды жеткізу, ет экспорты, 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында ынтымақтастықты тереңдету, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты кеңейту бойынша меморандум түзілді.

Бизнес кездесуде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды барша қатысушыларға алғысын білдіріп, бұл жиынның екіжақты қатынастарды дамытуда пайдалы алаң болатынына сенім білдірді.

– Қазақстан мен Өзбекстан қос мемлекет арасындағы тарихи тамырластық, достастық пен терең байланыстарды мақтан тұта айта аламыз. Бүгінгідей алмағайып уақытта екі мемлекет басшыларының, сондай ақ, қазақ пен өзбек халықтарының ынтымақтастығы, ауызбіршілігі экономикалық өрлеуге бастап, ілгері қарай дамуымызға үлкен серпін әкелетіні сөзсіз. Түркістан облысының әкімдігі инвестициялық жобаларды іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Түркістан бүгінде еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық және туристік әлеуетке ие. Біздің өңір – Орта Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Өзара ынтымақтастықтың арқасында Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың 10 айында 366 млн.АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 172 млн. доллар және импорт – 194 млн. доллар. Айта кету керек, өткен жылмен салыстырғанда тауар айналымы 30% – дан астам өсті. Біздің өңірде сауда, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және басқа да салаларда өзбек капиталының қатысуымен 40-қа жуық компания жұмыс істейді,– деді Дархан Сатыбалды.

Облыс әкімі өңдеу өнеркәсібі саласында жіп, мата мен кілемдер өндірісімен тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі, сондай-ақ пластикалық ойыншықтар, ыдыстар және басқа да полипропилен бұйымдары өндірісі, пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісін дамытуда үлкен әлеует барын атап өтті.

– Түркістан облысы – агроөнеркәсіптік кешен саласында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ел көшбасшыларының бірі. Бүгінгі таңда өңірде жеміс, көкөніс, бақша дақылдары мен ет-сүт өнімдерін терең өңдеу басым бағыт болып отыр. Біздің өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары – индустриялық аймақтар және өз қатысушыларына түрлі салықтық жеңілдіктер беретін «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы. Сонымен қатар түркі тілдес мемлекеттер ұйымының қараша айындағы саммитінде Мемлекет басшыларының қатысуымен Түркістан қаласында «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы шешім қабылданды. Арнайы экономикалық аймақтың бірегейлігі кәсіпорындардың қызмет түрлеріне шектеулердің болмауы екенін атап өткім келеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, іскер топтардың өкілдерін «TURAN» АЭА-да жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға шақырамын. Үшіншіден, туризмді дамыту өңір экономикасының басым бағыты. Мәселен, соңғы 3 жылда облыс туризміне салынған инвестиция көлемі шамамен 600 млн. АҚШ долларын құрады және жыл сайын шет елдерден туристер ағыны байқалады. Осыған байланысты, Түркістан, Самарқанд және Ферғана қалалары арасында әуе қатынасын іске қосу ұсынылады. Бұл туристік ағымды ұлғайтуға мүмкіндік береді және біздің мемлекеттерімізде зиярат ету туризмінің дамуына серпін береді. Біздің елдеріміз арасындағы шекара маңындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өткен жөн. Бұл ретте Мемлекет басшыларының өзара мемлекеттік сапарлары және барлық деңгейдегі тұрақты байланыстар – екі елдің берік достығы мен бауырластық қатынастарының жарқын үлгісі, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Бұл ретте сауданы дамыту әлеуеті зор. Облыстан мың шақырым радиуста 70 миллионнан астам адам тұрады. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту тұрғысынан Өзбекстанның өңірлері Түркістан облысының маңызды және сенімді әріптестері бола алады.

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының дамуындағы қазақстан-өзбек ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, Түркістан облысы Ташкент, Ферғана, Жизақ және Сырдария облыстарымен меморандумдарға қол қойғанын атап өтті.

Жыл басынан бері Түркістан облысының  Өзбекстанға негізгі экспорттық тауарлары: ІҚМ еті –57,4 млн. АҚШ доллары;  бидай – 40,1 млн. АҚШ доллары; ұсақ мал еті – 18,6 млн. АҚШ доллары. Ал Өзбекстаннан жеміс-жидек пен көкөніс импортталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.