Қаржы

Қолма-қол ақшаны пайданушылар әлі де баршылық

 

Соңғы кезде карта төлемдерімен жұмыс істеу барысында қолма-қол ақша пайдалану едәуір азайған. Базарға барсаңыз да, таксиге мінсеңіз де, ақшаны картаға аудара салу ыңғайлы. “Заманына қарай адамы” демекші ұялы телефонмен қаржыны басқарып жүргеніміз жасырын емес.
Дегенмен қазақстандық банктердің ұсыныстары барлығына бірдей, деп хабарлайды newsroom.kz

Ұлттық банк қолма-қол ақшаны пайдалану перспективаларына социологиялық зерттеу жүргізген. Сауалнамаға 9,6 мың адам қатысып, оның 3,5 мыңы кәсіпкерлер. Алайда технологиялар үздіксіз дамығанменен қолма-қол ақшаны пайдалануды құп көретіндер әлі де болсын жеткілікті екен.
Атап айтқанда, ауылдарда қолма-қол ақшаны тұрақты пайдаланатын кәсіпкерлердің үлесі 60%-дан асқан. Қалаларда 30%-ға жетпейді. Зерттей келе, кәсіпкерлердің 36%-ы қолма-қол ақшаны пайдаланатыны белгілі болған.
Осы тұста айта кетерлігі, сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің тек 14% зерттеуде қолма-қол ақша алудағы қиындықтарды айтса, 86%-ы бұл мәселеде ешқандай проблемаға тап болмағанын айтқан.

Кәсіпкерлердің қолма-қол ақшаны не себептен ыңғайлы екенін сұрағанда, 21% шығындарды жақсырақ бақылауға мүмкіндік беретінін айтқан. Ал 20% қолма-қол ақша төлеген бұрынғыша оңай және тез екендігін айтқан. 19%-ы қолма-қол ақшаны кейбір тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін пайдаланса, кәсіпкерлердің 12%-ы қолма-қол ақшамен мүлдем жұмыс істемейтінін айтқан.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.