Қаржы

Жылқы еті қанша: елімізде қой еті қымбаттапты

Ет құнының мұнша шарықтауына сарапшылар елдегі қуаңшылықтың, малдың қырылғанының қатысы жоқ дейді.

Елімізде қой еті қымбаттаған. Оның құны өткен жылмен салыстырғанда 14,4 процентке артқан.  Мұндай сараптаманы «EnergyProm» компаниясының өкілдері келтіріп отыр.

Олардың пайымынша, ел базарларында маусым айында қой етінің бір келісі 2300 теңгеге саудаланған. Ал бір жылда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында қатты қымбаттап кетіпті.  Бұл үш қалада қой етінің бір келісі 2600 бен 2900 теңге аралығында сатылған. Ең арзан баға Орал мен Петропавлда. Бұл шаһарларда саудагерлер еттің бір келісін 1700 теңгеден сатқан. Бір қызығы, ет құнының мұнша шарықтауына сарапшылар елдегі қуаңшылықтың, малдың қырылғанының қатысы жоқ дейді. Бар гәп қойдың экспортталуында дейді.

Айта  кетейік, елде қойдың саны да 3,6 проценкет артып, бұл күнде 22 миллионан асқан.  Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.3 / 5. Бағалар саны: 10

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.