Психология

Денсаулық сатылмайды: Стив Джобстың соңғы сөздері

4.1
(8)

Миллиардер 56 жасында қайтыс болды.

Соңғы сөздері:       

«Мен іскери әлемде сәттіліктің шыңына жеттім, басқалардың көз алдында менің өмірім – сәттіліктің мәні. Алайда жұмыстан бөлек менің қуанышым аз. Байлық – тек өмірдің фактісі ғана.

Қазірдің өзінде мен ауырып жатырмын, бүкіл өмірім көз алдымда. Бар жиған тергенімнің мен өліп қалсам ешқандай мәні болмайды.

Сіз біреуді автокөлігіңізді жүргізуге жалдай аласыз, сіз үшін жұмыс жасайтын адамды да таба аласыз,  бірақ сіз ақшаңызға денсаулықты сатып ала алмайсыз. Менің оған көзім жетті.

Сіз материалдық заттарды тауып, сатып ала аласыз, бірақ өмірден бір кеткеннен кейін оны қайтару мүмкін емес.

Өзіңізді жақсы көріңіз, басқаларды құрметтеңіз.

Біз үлкейген сайын ақылды бола түсеміз. 30 доллар тұратын сағат пен 300 доллар тұратын сағат бір уақытты көрсетеді.

Сол секілді құны 30 доллар немесе 300 доллар тұратын әмияныңыздың ішінде бірдей ақша жиналып тұрады.

Сіздің шынайы ішкі бақытыңыз дүниенің материалдық заттарынан туындамайды.

Сіз бизнес клас немесе эконом-класта ұшсаңыз да, ұшақ құласа айырмашылығы болмайды. Көппен бірге сізде апатқа ұшырайсыз.

Өзгермейтін фактілер:

  1. Балаларыңызды бай қылып өсірмеңіз. Оларды бақытты болуға тәрбиелеңіз. Олар өскенде, заттардың бағасын емес, бағалы екеніне мән беретін болады.
  2. Тамақты дәрі ретінде қабылдаңыз, әйтпесе ауыратын болсаңыз дәрі-дәрмекті жеуе тура келеді.
  3. Сізді жақсы көретін адамдарыңыз сізді ешқашан тастамайды, егер ол сізден бас тартуға 100% себеп тапса да, бірге болудың әрдайым бір себебін табады.
  4. Адам мен адам болудың арасында үлкен айырмашылық бар.

Әлемдегі ең жақсы 6 дәрігер:

  1. Күн сәулесі
  2. Демалу
  3. Спорт
  4. Диета
  5. Өзіңе сенімділік
  6. Достар

Бұл алты дәрігерді өміріңізден өшірмеңіз және салауатты өмір сүріңіз».

Інжу Өмірзақ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 8

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button