Психология

Мені алдап көр: Өтірік айтып тұрған адамды қалай анықтауға болады?

4.3
(11)

«Обмани меня» фильмі 2009-2011 Аллан Пиздің «Дене қозғалысының тілі» кітабының желісімен түсірілген фильм. Кітаптың басты нишасы микромимикалардың көмегімен адам санасындағы сан түрлі ойды білу, ұғу, түсіну. Адамның әрбір қимыл қозғалысынан қандай адам екендігін, сөзінің қаншалықты рас екенін білдіртеді. Бұл қолдан келетін сиқыр.

Бұл сиқыр әсіресе, қоғамдағы құжынаған қылмыстың қақ ортасында жүретін құзырлы органдарға, детективтерге керек әдіс. Доктор Лайтман да алдына келген әр қылмыскердің ым ишарасына мұқият мән беріп, сөз растығын дәлелдейді. Кітап авторлары психология жанрын ерекше суреттегенін фильмнен де көре аламыз.

Аллан Пиз: «Өтірік айтушы тұлғаны вербалды және вербалды емес іс қимылы арқылы бірден анықтайды. Алайда тек өтірік қана әшкере болмайды, адамның сіз туралы пікірін де қолының қозғалысы арқылы байқауға болады».

Көзін бұлғақтатып, қайта қайта ашып, жұму мен сұрақ қойған кезде беті қызарып, қолын басына, бетіне апарса – демек сіз өтірік айтып отырған адамның алдында отырсыз.

Автор мысал келтіретін басты фактордың бірі – қойылған сұрақты қайталап сұрау, жауапқа сұрақты бұрмалап әкету немесе қатысы жоқ әңгіме туралы сөз өрбіту.

Қарапайым мысал: « Сен кеше мен айтқан тапсырманы орындадың ба?» «Аа, иә, орындадым, қазір…» деп артық сөздермен тіл қатса, демек сіз сеніп әуре болмаңыз. Өйткені сіз берген тапсырма әлі де орындалмады.

Көбінде қылмыскерлердің өтірігі тек көзінде ғана емес, оның қолының қимылы мен ерінінің қозғалысынан да білуге мүмкіндік бар. Өйткені сұрақ қай жағынан келіп қалғанын аңғармай дал болатын адам, ең алдымен ернін тістелеп, тілімен ойнақшытып отырады.

Біз күнделікті өмірімізде түпсанамызға берілген сигналды интуиция деп шатасып жатамыз. Алайда бұл біздің өтірікті анықтай алатын қасиетіміз екен. Қабілет деп осыны айт…

Тіпті, қолмен амандасу мен көзбе көз сәлемдесудің де өзіне тән шындығы бар екен. Біздің қандай көзқарастағы адам екенімізді бірден аңғартатын, дәл осы амандасу. Сақ болу керек…

Саусақ пен қол бірдей дене мүше боп көрінгенімен сенім тұрғысында маңызы ерекше. Саусақтарды бір жерге жиған адам сізді мұқият тыңдап отырғанын білдірсе, қолын шынтағына жиып алатын адамдарға сіздік ой, пікір қызық емес немесе дебатты қалап отырғандығынан хабар береді.

Мұрын мен құлақ та сіздің жасырып тұрған дүниеңізді ашып қояды. Мұрынның қызаруы, үлкеюі, құлақтың қозғалуының да құпиясы бар.

Сендіру үшін барлық әрекетті жасайтын адам барлығымыдың айналамызда бары анық. Ол адамдар түрлі қисынсыз әңгімелерді айту арқылы сендіргендей болады. Алайда сіз де бұл уақытта өз қулығыңызға көшуіңізге рұқсат. Алдыңызда отырған адам ұнатпайтын қылықтарды жасап, шамына тиетін әрекеттерді көрсетсеңіз, ызаланған адам ашу үстінде шындықты айтып қояды.

Түйін: Сұрақ жауаптан тұратын өмірдің шындығы мен өтірігі қатар жүреді. Түрлі ғылым кеңістігі өтірікті де дәлелдеуге болатын амалдарын жазып, көрсетіп, тіпті фильм ретінде ұсынып отыр. Өз ортамызда неге қолданбасқа? Автордың ым ишара арқылы адамның қандай екенін анықтауы қазіргі өтірігі көп қоғамға өте қажет.

Інжу ӨМІРЗАҚ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 11

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button