Психология

Психологиялық тест: Суреттен алғаш не байқадыңыз?

3.7
(33)

Мамандар адамның дәл қазіргі сәтте қандай күйде екенін, не мазалап жүргенін анықтау үшін психологиялық тесттер ойлап тапқан. Суретке назар аударыңызшы. Ең бірінші нені аңғардыңыз? 

Алма 

Алманы байқадыңыз ба? Демек сізге қазір ешнәрсені ойламай, тынығу қажет. Сіз өте жомарт, мейірімді жансыз. Кез келген нәрседе қате жібермес үшін өте ұқыпты әрекет етесіз. Әдетте алма жомарттықтың, сабырлылықтың, даналықтың белгісі. Бойыңыздағы күш-қуат, жігер, ынта сізді әрдайым алға жетелейді. Өміріңіз де алмадай дәмді болмақ. 

Көбелек 

Бірінші көбелекті байқадыңыз ба? Сіздің ойыңыз да, өзіңіз де позитивке толы жансыз. Бір сөзбен айтқанда, бақыт құшағындасыз, қанатыңызды кең жайып, қалықтап жүрсіз.  

Көбелектер ұзақ өмір сүру мүмкіндігіне ие болмаған. Сондықтан уақытын қызықты, пайдалы етіп өткізуге барын салады. (Әрине, бұл жерде көбелектің өмір сүру ұзақтығының адамдарға еш байланысы жоқ). Бірақ сіз де бақытты, қуанышты сәтті бағалауға, қадірін білуге тырысасыз.  

Пышақ 

Егер пышақты бірінші көрген болсаңыз, қазіргі уақытта сізді бір ой мазалап жүр. Тез арада сол уайымнан арылу қажет. Ішіңізде сақтап жүрген біреуге деген өкпеңіз болса, оны да шығарып тастаңыз. Бұның барлығы сізді, сіздің ойыңызды, көңіл-күйіңізді жағымсыз жаққа қарай өзгертіп жібереді. Иә, өткенді бір сәтте ұмыта салу оңайға түспес, дегенмен тырысып, тек алдағы күніңізді, болашағыңызды ойлағаныңыз жөн. 

Жәндік 

 Сурет бір қарағанда көз алдыңызға қандай да бір жәндікті елестетті ме? Біл сіздің қырағылығыңызды білдіреді. Көп жерде кемшілікті бірден аңғарып, оны түзетуге, дұрыс жол тауып шығуға тырысасыз. Сондай-ақ, сіз әртүрлі жағдайға байланысты өз эмоцияңызды көрсеткіңіз келеді, бірақ оны іште бүгіп қаласыз. Олай жасау дұрыс емес. Қарқылдап күлгіңіз келе ме, күліңіз! Айқайлап жылағыңыз келе ме, жылаңыз! Өз сезімдеріңізді тежемеңіз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 33

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button