Психология

Суреттен ең бірінші нені көрдіңіз?

4
(246)

Бір сәт тоқтап, суреттен ең бірінші не көргеніңізді байқаңыз. Бұл сіздің қандай адам екеніңізді, жұрт көзіне қалай көрінетініңізді баяндап береді. Әрине, болжам болғанымен, шындыққа жанасатын дүние. Өзіңіз сынап көріңіз. Ендеше, ең алдымен не көрдіңіз?

Ит. Өте қайсар, айтқанынан қайтпайтын батыл жансыз. Бірбеткейлік пен тәкаппарлық та бойыңызда бар. Алайда тік мінезіңіз сыртқы келбетіңізге де өң беріп тұрады. Көмек қолын созудан еш тайынбайтын, ақыл-кеңес айтудан жалықпайтын жансыз.

Қазіргі таңда сізді алаңдатып жүрген сұрақтар өте көп. Жеке өміріңізде жаңалықтар болуы мүмкін. Жұмыстағы батылдығыңызды жеке өміріңізге де арнаңыз. Бойдағы қорқынышты алып, бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмаңыз.

Жақын, тума-туыстарыңызға жиі көңіл бөліңіз. Олар сізден мейірім күтеді. Жұрт көзіне қатал боп көрінгеніңізбен, сізбен тілдескен әрбір жан ойын өзгертері анық.

Мысық. Сезімтал, өте мейірімді, ашық жансыз. Тез ренжіп қалатын, көңілге алатын әдетіңізден аралуыңыз керек. Бұдан тек өзіңізге ғана зияны тиеді. Уайымшыл болған сайын, адам тез қартаяды. Жұрттың сөзін елемегеніңіз жөн. Олардың көзіне жасқаншақ, ұяң адам боп көрінгеніңізбен, сіз өз ортаңызда сыйлы, құрметке ие жансыз.

Аңқаулығыңыз бар. Адамның барлығына жақсы көзқараспен қараған әрине керемет дүние. Бірақ «адам аласы ішінде» деген атаулы сөзді ата-бабамыз бекер айтпаған. Сақ болыңыз.

Тышқан. Өте тынымсыз, қырсық әрі батыл жансыз. Айтқанынан қайтпайтын қайсарлық пен сөзін аяғына дейін тыңдататын қырсық мінездің бойыңызда бары бет әлпетіңізден көрініп-ақ тұр. Жұрт көзіне қу, әзілқой адам ретінде көрінгеніңізбен, ашуыңызға тисе мінезіңіздің ауыр екенін айналаңыздағылар да жақсы біледі.

Жұмысыңызға жұмсайтын энергияңызды отбасыңызға да жұмсап тұрыңыз. Отбасы біздегі  ең құнды, бағалы саналатын бар байлығымыз. Жолыңыз болғыш, сәттілік періштесі үнемі жаныңызда жүретін жақсы адамсыз.

Інжу ӨМІРЗАҚ

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 246

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close