Психология

Ине арқылы бала саны мен жынысын анықтауға болатынын білесіз бе?

4.2
(12)

Ине арқылы болашағыңызды болжап көрдіңіз бе? Ендеше байқап көріңіз.

Инеге ақ түсті жіпті өткізіңіз.

Оң қолыңыздың алақанына жіп өткізілген инені сол қолыңызбен айналдырыңыз. Инені оң алақанның саусағы мен бас бармағының арасына үш рет түсіріп, кейін инені сол алақанның жарты сантиметрінен жоғары көтеріңіз.

Ине шеңбер ретінде немесе оңнан солға қарай айналады.

Егер ине шеңбер бойымен айналса, сіздің бірінші перзентіңіз қыз болады.
Егер ине оңнан солға қарай айналса, тұңғышыңыз ұл бала болмақ.

Бұл әдісті әрі қарай жалғастыра берсеңіз болады. Ине өз еркімен тоқтамайынша, сіздің болашақта неше балаңыз болатынына болжам жасайды. Бірде ұл, бірде қыз боп айналатын ине әрине, Алладан құдіретті емес. Бірақ бұл әдіс нумерология ілімінің бір тармағына жатады.

Ине арқылы жүзеге асатын бұл әдістің растығына шүбә келтірсеңіз, балалары бар анаға тәжірибе ретінде істеп көріңіз. Дәл келсе, сенім артуыңызға болады.

Үш адамға экперимент жүргіздік:

1. Екі қыз, екі ұлдың анасына дәл шықты. Яғни, ине басында шеңбер бойымен айналып, төрт реттен кейін автоматты түрде тоқтады.

«Негізі сенбейтін едім. Нумерология деген нәрсеге дініміз қарсы ғой. Бірақ қызық екен. Сенбеске амал қалдырмайды»,- көп балалы ана.

2. Болашағына алаңдайтын 18 жастағы қызға да неше баласы болатыны қызық екені рас. Эксперимент кезінде 4 ұл, 2 қыз шықты. Тұңғыш перзенті ұл бала. Ине оңнан солға қарай төрт рет қозғалды. Кейін автоматты түрде шеңбер бойымен жүрді.

«Өзім бұрыннан ұлым көп болса екен дейтін едім. Арманым орындалатын секілді».

3. Бір баласы бар ана да біздің эксперименттің қонағы болды. Бір қызығы бұрын 2 рет түсік боп, кейін құдайдан тілеп алған баласы екен. Бастапқыда ине қай жағына айналарын білмей тұрған соң, қайтадан жасадық. Сол кезде тек бір-ақ рет оңнан солға қарай қозғалды.

«Менің екі рет ауырып, түсік болғанын білген болар. (күліп)».

Нумерология ілімінің бір тармағына жататын болжамға сеніп, сенбеуіңіз өзіңізге байланысты. Жазылған дәйек пен көрсетілген дәлел жаратқаннан күшті емес.

Бойға бітер, жатырға жатар баланың саны Аллаға аян. Ал бұл жай ғана эксперимент.

Інжу ӨМІРЗАҚ

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 12

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close