«Ұйқыдағы дене күйіңіз сіз туралы мәлімет береді»

 437 

Ғалымдар адам баласының жатысы арқылы не ойлайтынын, сезімін, нені қалайтынын анықтауға болатынын дәлелдеді. Бұдан өзге адамның ұйықтағандағы дене күйі мен дүниетанымының арасында тығыз байланыс бар екендігін айтады. Ұйықтап жатқанда адам жасандылық таныта алмайды, ал ым-ишара тілі ешуақытта алдамайды. Кезекті тестімізді орындап, өзіңіз туралы мәлімет алып көріңіз.

Олай болса адамның ұйқыдағы дене күйі бізге не туралы баяндайды?

Ым-ишара тілі адамның санасымен байланысты. Әңгімелесу саналы түрде жүзеге асатындықтан, адам әр сөзін байыптап сөйлеп, жалған сөз айту мүмкіндігіне ие болады. (Әрине, егер мұны өзі қаласа). Ал ым-ишара тілімен алдау мүмкін емес. Сондықтан, адам туралы ең дұрыс ақпаратты ол ұйықтап жатқан кезде алуымызға болады. Біздің ым-ишара тіліміз бен қимыл-қозғалысымыз өзімізге қарағанда көбірек сөйлейді.

Әрине, адам бір түнде бірнеше мәрте қозғалады. Әдетте 40 рет, ал егер күйзеліске тап болған болса, одан да көбірек қозғалуы мүмкін. Десе де әр адамның жиі қолданатын сүйікті дене күйі болады. Көп жағдайда бұл оянар алдындағы қалпы. Өзіңіздің сүйікті дене қалпыңызды анықтап, жауаптарды оқып көріңіз.

1. Шалқасынан жатып ұйықтау

Барынша жайлылықты сезінген адам осылай жатады. Ол адамның өзіне деген психологиялық сенімділігі бар екендігінен хабар береді. Бұл жандар өмірдің кез келген тосын сыйына, қиындығына дайын. Жаңа ақпаратты жылдам қабылдап, тез өңдейді. Алайда өзіне деген сенімділігі тәкаппарлықпен алмасып кетуі де ғажап емес. Яғни, мұны аталған күйдің гипертрофиясы дейміз. Белгілері: жанында жатқан адамға тигізетін жайсыздықты ойламастан, адам аяғы мен қолын жайып, төсектің көп бөлігін алып ұйықтайды.

2. «Ұрық» күйі

Қырынан жатып, тізесін бүгеді және көрпе, жастығын құшақтайды. Төсектің шетіне жайғасып, керегеге жақын жатуды жөн көреді. Бұл адам шынайы өмірден қорқып, ол жерде болып жатқан оқиғаға ат салысқысы келмейді. Олардың жанында белсенді, көшбасшы, қорғап, қолдай білетін жандар жүруі тиіс.

3. Етбетінен жату

Бұл – ішімен жатып, төсекті құшақтауға ұмтылатын күй. Әдетте қол жастықтың үстінде, немесе екі жанында жайғасады. Бұлайша ұйықтайтын адамдар өз өмірін басқарып, шешімді өзі ғана қабылдағысы келеді. Қабылдаған шешімдерін 100% дұрыс санайтындықтан, сынды дұрыс қабылдамайды. Яғни, майда-шүйдеге ерекше мән беріп, мақсатына қандай жағдай болмасын ұмтылатын адамдар осылайша ұйықтайды.

4. Қырымен жатып ұйықтау

Суреттегі соңғы күй. Жоғарыда айтылған жатысқа ұқсағанымен, аяғын қатты бүкпей, қолын созып жатады. «Ұрық» күйіне қарағанда өзін барынша жайлы ұстайды. Бұл жандар аналитикалық деңгейде ойлайтын, байсалды, сабырлы әрі сенімді тұлғалар. Олар өмір қиындығымен оңай күресіп, кез келген жаңа ортаға жылдам бейімделеді. Мұнымен қатар, жоғары психологиялық тұрақтылығы мен ерекше қасиеттері жетерлік.

Ал сіз қалай ұйықтайсыз?

Бөлісу:


Және де: