Психология

Графология – жазу арқылы мінезді анықтау

0
(0)

Графология – адамның жазуы арқылы оның мінез-құлқын, ерекшеліктерін анықтайтын психология саласы. Әр адамның жазуы әртүрлі. Сіздің жазуыңыз нені сипаттайтынын білгіңіз келсе, төменге назар салыңыз.

Графология ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін бүтін бір ғылым ретінде қарастырылған. Ал қазір психологиядағы ойлау әдісі деп саналады. Кей америкалық компаниялар жұмысқа аларда жазуға мән береді екен. Ол әріптің көлеміне, азат жол салуына, қаламды ұстауына, қол қоюына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Қандай жазу нені білдіреді? Әріптерді үлкен-кішкентай қылып жазу оның қаншалықты көпшіл екенін көрсетеді. Ірі жазатындар досшыл болып келеді. Ал ұсақ жазу керісінше тұйық адамдарға тән. Әріптерді дөңгелетіп салатындар – мейірімді әрі жайдарлы адамдар. Ал бұрышы көп әріптер өзімшілдік, амбиция дегенді білдіреді. Әріптерді бөліп, жалғамай жазатындардың түйсігі мықты болады.

Әдемі жазасыз ба? Кей адамдардың жазуы әдемі болады. Оны каллиграфиялық жазу дейді. Ондай адамдар ұқыпты, тәртіпке тез үйренеді. Бірақ өз ойы, пікірі дұрыс қалыптаспаған. Ал жазуы нашар адамдар шығармашыл болып келеді. Бас әрпін басқа әріптен өзгешелеп салатындар романтикаға жақын болады. Өзгені таңғалдырып, назар аудартқысы келеді.

Қаламды қатты ұстау. Қаламды жай ұстап жазу әлсіз, ынжық адамдарға тән. Басып жазбайды. Ал қатты басып жазатындар табанды. Олар өз-өздерін басқара алады.

Жазу қай бағытқа қисайған? Сөздердің бір бағытқа қисаюы да бір мәнді береді. Оңға қисайтып жазу: сезімтал, махаббатқа адал, қызғаншақ. Солға қисайтып жазу: тұйық, сақ.

Тіке жазу: тұрақты, өзгеріске бейімделе алмайды, мүмкіндіктерін саралай алады.

Жоғарыдан төменге қарай жазу: оптимист, ұсақ-түйекке қуанады.

Төменнен жоғарыға қарай жазу: пессимист.

Толқын тәрізді жазу: қулық, арамдық

Әріп салу. Бұл ілмектері бар в, д, з, у, ц, щ әріптеріне қатысты. Кей адамдар әріптің төменгі ілмектерін салмай кетеді немесе аяқтамайды. Мұндай жазу еркіндік, еркін ойлауды көрсетеді.

Ал төменгі ілмекті жіңішке етіп салсаңыз, отбасыны бірінші орынға қоятын, сақ адамсыз. Төменгі ілмекті үлкен қылып салуға бейім адам көпшіліктің алды, ортаның гүлі болуға ұмтылады.

Қол қоюдың ерекшеліктері. Сыртынан сызылып тастаған қол – энергия, күш-жігер; Асты сызылған қол – пысық, кәсіп ашуға бейім;

Қоршалған қол – таныс емес жандардан тартыншақтайтын, жабық;

Соңы зигзакталған қол – ашуланшақ;

Соңы кескінделген, сызықшасы бар қол – эмоционалды;

Еш кескін, сызықсыз қол – ақылды;

Соңына нүкте қойылған қол – қырсық.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close