Психология

Психологиялық тест: Шыны-аяқты  қалай ұстағаныңыз сіздің мінезіңіз туралы не айтады? 

4.1
(16)

Күнделікті өмірде шыны-аяқты  қалай ұстайсыз? Жоғарыда көрсетілген суреттен өзіңізге келетін санды  таңдап, жауабын біліңіз.

1. Сіз өзіңізге деген сеніммен ерекшеленесіз (кейде бұл сізге бөгет болуы мүмкін). Сіз үнемі жақсыны қалайсыз ең қиын жағдайда ғана ымыраға келесіз. Сіз басшылық лауазымда өзіңізді қолайлы сезінесіз. Себебі сіз төтенше жағдайда шешім қабылдап, адамдардың талантын дұрыс бағыттай аласыз. Сізді достарыңыз бен туыстарыңыз жақсы көріп, бағалайды. Сіз ортаның гүлісіз.

2. Сізде эмпатиялық қасиет жақсы дамыған сіз адамдарды тыңдай да түсіне де аласыз. Бірақ бұның жаман жағы сіздің жақсылығыңызды адамдар пайдаланып кетуі мүмкін. Сіз үшін тыныштық және жан рақаты маңызды. Ұрысу, жанжалдасу сізге ұнамайды.

3. Сіз прагматиксіз. Өте сабырлысыз. Сізді ашуландыру қиын себебі сіз әр қадамыңызды аңдап басасыз. Сіз әділетсіздікті жек көресіз. Бірақ сіз үшін эмоцияны іште сақтау психологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін.

4. Сіз сақ адамсыз әрбір жерде жасырын мағына іздейсіз. Қателік жасамау үшін әр сөзіңізді, іс-әрекетіңізді бағамдайсыз.Сіз әрқашан логика мен ақыл-ойды басшылыққа алуға тырысасыз, тіпті махаббат мәселесінде де. Айтпақшы, бұл өте дұрыс тәсіл емес пе?

5. Сіз әсерге берілгіш,  тез ренжіп қалатын  адамсыз. Жақындарыңыздың сізді қолдағаны маңызды. Адам сізге жақын болу үшін сіздің сеніміңізге кіру керек. Сіз үшін отбасы,қарым-қатынас бірінші орында тұрады. Отбасындағы жылулық, жайлылылық сіз үшін өте маңызды.

6. Сіз болмашы нәрселерге бола алаңдамайтын оптимист адамсыз. Сіздің сабырлығыңыз – басты көзіріңіз. Өмірде түрлі тәжірибе жасағанды жақсы көресіз, энергияңыз ұшан теңіз.Бірақ алдын ала ешнәрсені ойламайсыз. Сондықтан қиын кезде дұрыс шешім шығармайсыз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 16

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button