Психология

Ғаламторға тәуелділік не үшін қауіпті?

0
(0)


Қазақстан жастарының арасында ең танымал әрі жиі қолданылатын әлеуметтік желілер: Вконтакте (71%), екінші орында —  Instagram (59%), ал Facebook үшінші орында. Орта есеппен әр жас кем дегенде екі әлеуметтік желінің пайдаланушысы екен. Астаналық жастар ғаламторды көбірек қолданса, ал Шымкенттік жастар керісінше, әлеуметтік желінің пассив пайдаланушылары. Көбіне ғаламторға өзінің хоббиі жоқ, күндік жоспары мен нақты мақсаттарын білмейтін жандар тәуелді болады. Ғалымдардың айтуынша, желіде күніне 2 сағаттан артық пайдалану зиян. Егер адамдар ғаламторда өткізген уақытын қадағаламаса, торапқа тәуелді тұлға болуы ықтимал.

Ал бұл шын өмірдегі достардың азайып, виртуалды ортаңыздың кеңеюіне алып келеді.  Сонымен бірге, ғаламторға тәуелділік логикалық талдау қабілетін төмендетіп, аргессияға да соқтыруы мүмкін. 

Егерде сіз болашақта өзіңізді жан-жақты дамыған тұлға, жақсы жұмыстағы сұранысқа ие қызметкер және бақытты отбасының мекенінде көргіңіз келсе, ғаламторға тәуелділігіңізден бүгін арылыңыз!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close