Подкаст

«Беймәлім» жастар кімдер?

Соңғы 4-5 жылда NEET жастары деген терминді құлағымыз жиі шалып жүр. Бұл қандай жастар? NEET санатына кімді, қандай талапқа сүйеніп қосып жүрміз? Әлемдік ғылым мен мемлекеттік басқару саласында да NEET жастары деген ұғым кеңінен қолданыла бастады. Бұның себебі не? NEET санатындағы жастар ертең  мемлекет үшін қандай мәселелер туғызуы мүмкін?

Осы сұрақтардың жауабын іздеу барысында бірнеше мамандармен пікір алмасып, олардың да ойларын білуге тырыстым.

Менің зерттеу жұмысыма өз пікірін білдірген, сұхбат беруге келісім беріп, барынша осы мәселені ашық түрде жеткізуге қолдау білдірген PaperLab зерттеу тобының директоры, әлеуметтанушы – Серік Бейсембаев және IT ағартушы, IT аналитик – Тимур Бектур мырза да барынша өз ойын бөлісті. Сұхбат барысында жан-жақты талқылау болды.

Сұхбат барысында  Серік Бейсембаев:

 Бұл мәселені өкінішке орай қоғамда құбыжық дүние ретінде көрсетеді. Дегенмен ешқайда жұмыс жасамайтын, ешқайда оқымайтын жастарды әлемдік тәжірибеде бөліп көрсету бар, оның негізгі мақсаты жалпы осы санаттағы жастарды түрлі пайдалы қоғамдық істерге тартып немесе оларға арнайы түрлі бағдарламалар дайындау жұмыстары жүргізіледі. Ал Қазақстанға бұл категорияның енгеніне кемінде 5-6 жыл болды. Алғаш рет осы санатқа ерекше зер салып,мәселе ретінде көтерген  Дархан Қалетаев еді. Ол кісінің сол жылдары министр болып тұрған кезі еді. Сол кездегі министрліктің аты қателеспесем Қоғамдық Даму министрлігі болуы керек. Сонда Дархан Қалетаев осы мәселені көтере отырып, үкіметтің алдына шығып  «Neet жастары» біздің қоғамдағы үлкен мәселе, осы мәселемен біз айналысуымыз керек .Осы санаттағы жастарды есепке алуымыз керек деп ақпараттық кеңістікке таратқан болатын » –  дейді.

 

 

Дегенмен қоғамда жастар мәселесін қай кезде болмасын үнемі қауіп-қатердің көзі ретінде көрсету кең таралған. Бірақ жастар деген өте үлкен категория, оның ішінде жұмыссыз жастары бар, сондықтан да жастарды бөліп алып, қоғамның ерекше әлеуметтік тобы ретінде қарастыруға болмайды»  – дейді Серік Бейсембаев.

Осы тақырыпты зерттеу барысында NEET-тің мынадай 4 түрі бар деген ақпаратқа көзім түсті. Соған бір шолу жасап өтсек.

NEET-тің түрлері :

  • Антисоциал: жұмыс істемегенде ғана өзін жайлы сезінетіндер
  • Хикимори: өзге адамдармен араласа алмайтындар
  • Пассив: өзіне деген сенімі мен мотивация жоғынан жұмыс таба алмай жүргендер
  • Көңлі қалған: бұрынғы жұмысынан жағымсыз әсер алған, ендігіде еңбек етпеймін деп бел буғандар

Сұхбат барысында Серік Бейсембаев  әлемдік тәжірибеде жастарды осы санатқа сай бөліп көрсету бар деген сөзіне сүйенсек, әлемдік тәжірибеде қазір әлемнің 122 елі жастарға қатысты ұлттық саясат жүргізіп, оны дамыту және қорғау туралы арнайы заңнама қабылдаған екен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевт та осы мәселені көтеріп арнайы тапсырма беріп еді:

«Бүгінгі таңда NEET санатындағы 237 мың жас оқу да оқымайды, жұмыс та істемейді.  Жыл сайын мектеп бітірген 50 мың түлек оқуға ақылы негізде түседі. Олардың 85 пайызы – тұрмысы төмен отбасының балалары.  Бұл жағдайды түзету қажет. Сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуі керек» -деген болатын.

Әлемдік еңбек ұйымының дерегі бойынша, NEET санатындағы жастар саны ең аз елдер:

  • Жапония 3,0%,
  • Нидерланды 3,1%,
  • Сингапур 4,5%,
  • Германия 5,4%,
  • Швейцария 6,0%.
  • Посткеңестік елдер арасында NEET үлесі Арменияда (36,5%)
  • Молдовада (27,9%)

Сұхбат барысында IT ағартушы, IT аналитик – Тимур Бектур мырза да барынша өз ойын бөлісті:

Жұмыссыздық пен Neet жастарын ажырату өте қиындау. Себебі менің түсінігімде жұмссыздық дегенді түсіне алмаймын. Бұл менің жеке ойым. Себебі бойында қабілеті, ойы бар адам қай салада болса да жұмыс таба алады. Бірақ жұмыссыздықтың әртүрлі себептері болады. Яғни білімді, қабілетті адам болуы мүмкін, бірақ ол ауылдан кеткісі келмеуі мүмкін. Ал ауылда оның қабілетіне сай жұмыс болмауы мүмкін. Себебі ауылда интелектуалды жұмыстары жоқ. Біздің мемлекет көп жағдайда  өзін нарықтық мемлекет ретінде көрсеткісі келеді, яғни өздеріңіз оқыңыздар, өздеріңіз жұмыс тауып алыңыздар деген насихат жүргізеді. Бірақ ұлттық қордың, республикалық бюджеттің біраз бөлігін әлеуметтік мәселелерге жұмсайды.Айтқым келгені мемелекет бір жақты ұстанымды болғаны дұрыс, не ол әлеуметтік мемлекет болуы керек немесе тиісінше жұмыссыз жастардың мәселесін әлеуметтік мемлекет ретінде шешуі керек. Немесе толықтай нарықтық қатынас бойынша жұмыс жасау керек, яғни өз күндеріңізді өздеріңіздер деген сияқты. Ешқандай жеңілдіктерді болдырмасын. Негізі Neet санатына жалпы адамдардың толық санатын алып қарастырған дұрыс. Оны әр адам өзі анықтағаны дұрыс. Яғни егер адам бұл ел мені адам ретінде ұмытып кеткен сияқты таныса, онда ол өзін-өзі анықтап алуы керек» – дейді.

 

Дегенмен сұхбат барысында, зерттеу барысында бұл атаудың  о бастан Жапония елінен келгенін ескере отырып, алдағы уақытта біздің қоғамға сайкестендіре отырып, әлеуметтанушылармен алдағы уақытта тереңірек зерттеу жүргіземіз.  Сонымен қатар осы зерттеу жобасының толық нұсқасы аудиоподкаст форматында берілді.

Подкаст Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен және Медиа дамыту корпоративтік қорының тапсырысы бойынша «Алматы номад» саяхатшылар клубының жобасы аясында құрылды

 Ерлан ШАНШАРХАН

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.