Ер мен әйел

«Бала тудыратын еркек іздеп жүрмін»

3.8
(26)

Жасым 45-те. Жанымды жегідей жейтін уайымым бар. Жеті құрсақ көтерсем де, ана болу бақытына ие бола алмадым деп шерін тарқатты NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісіне Перизат есімді келіншек.

«Он жыл тұрмыста болдым. Жеті рет құрсағыма бала бітті. Алайда жүрегі соғып, алты айлық болғанда, түсік тастап қоя бердім. Емделдім. Ақыры күйеуім «ұрпақ сүйгісі келетінін» айтып, ажырастық. Бүгінде оның екі баласы бар. Ал мен әлі сол қалпымда. Менің жасымда қайбір басы бос еркек болушы еді? Алғашында анам, бауырларым бала асырап немесе туып алуыма қарсы болды. Қазіргі кезде жалғыздықтан құса болғанымды көріп, рұқсатын берді. Дені сау азаматтан балалы болсам деген ниеттемін. Жағдайым жақсы, тегін беруін немесе қандайда-бір міндет жүктемеймін. Тек қана ана атансам болғаны,»-дейді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 26

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close