Ер мен әйел

Секс-роботтар: Адамзатқа төнген қауіп

0
(0)

 

Хармони – секс-роботтың бір түрі. Ол қозғала алады, серігімен тілдеседі де. Күледі, қуанады, ашуланады. Өзі сондай сүйкімді, кез-келген жанды бірден баурап алады. Қожайынымен тіл табысудың жолын да жақсы біледі. Жан бауырыңды елжіретіп жібереді, сені сол ғана түсінетіндей күйге енуің мүмкін.

Бірақ, бірақ… Ол адам емес, жай ғана қуыршақ. Дене бітімі кәдімгі адамдай болуы мүмкін, алайда ол – адамның қолымен жасалған робот қана. Сізді түсініп тұрғандай болуы мүмкін, бірақ ештеңені сезбейді, көрмейді, естімейді, сізге ұрпақ сыйламайды, тіпті сізді танып та әуре болмайды.

Міне, бүгінгі заманның көрінісі осындай!

Кинодағы қиял өмірдегі шындыққа айналған

Бұрындары робот деген дүниені тек көгілдір экраннан тамашалайтын едік. Көрген адам таңданысын жасырмайтын, кішкентай балалар роботым болса деп армандады, үлкендері бүкіл жұмысымды роботтар атқарса екен деп қиялға батып жатты. Уақыт өте келе адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін роботтар жайлы да небір фильмдер жарыққа шыға бастады. Мәселен, «Искусственный разум» («Жасанды ақыл»), «Суррогат», «Бегущий по лезвию» («Ұстараның жүзімен жүгіру»), сондай-ақ «Мир Дикого Запада» («Жабайы батыс әлемі»).

Осылардың ішіндегі «Жабайы Батыс әлемі» фильміне тоқталып көрелік. Картинаның желісіне сәйкес, әлемде адамдардан айырмашылығы жоқ роботтар пайда болады. Әлгі роботтарды арнайы «Жабайы батыс» деп аталатын саябаққа келген бай адамдардың көңілін көтеру үшін жасап шығарған. Жезөкше-роботтар байларға тән рахатын сыйлады. Үндіс-роботтар жолаушыларға тап беретін, ал ковбой-роботтар қонақтарға оқ жаудыратын, алайда ол бағдарламалық оқ болғандықтан әсері жоқ. Фильмнің соңында адам қолымен жасалған туынды сол адамдардың өздеріне шабуыл жасайды.

Не керек, кинода көргеніміз өмірдегі шындыққа айналып шыға келді. Алғашқы болып Жапония халқы роботтарды жасап шығарды, кейіннен өзге мемлекеттер шығара бастады. Алғашында түріне қарап робот екенін тани алатын құрылғылар шығарылған. Олардың міндеті – адамдарға ауыр болатындай физикалық жұмыстармен айналысу еді. Уақыт өте келе робот атаулының міндеті ұлғая түсті. Тек қана физикалық тұрғыдан емес, адамдарға тән рахатын сыйлайтын роботтар шыға бастады, шыға бастаған жоқ, ондай роботтарды адамдар өз қолдарымен жасады.

Секс-роботтар немесе секс-қуыршақтар

Теорияда дәлелденгендей, біз қаншалықты адам образы типтес роботтар шығарсақ, өз туындымыздан соншалықты үрейленеді екенбіз. Калифорния штатындағы Сан-Маркоса төңірегіндегі білінер-білінбес фабрикада бүгінде дәл осы болжам расталған.

Фабриканың іші іш-киімедегі сұлу әйелдер мен костюм-шалбар киген сымбатты ер адамдарға толы. Тек олар жасанды және жасандылығын жақындап үңіліп қана байқай аласың.

Мэтт Макмаллен – RealDoll қуыршағын шығаратын Abyss Creations компаниясының бас директоры.

Өзі Хармони қуыршағын ерекше жақсы көреді. Сол қуыршақтың жанынан бірелі шықпайды.

«RealDoll қуыршағын сатып алған әр адам оның секс-ойыншық екенін ғана байқап қоймайды. Олар қуыршақты сезе бастайды, оны қоғамның бір мүшесіне айналдырады. Жасанды интеллект әлемде жаңа, әрі ерекше тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деген еді Макмаллен өз сұхбатында: «Мен адамдардың тек қуыршаққа ғана емес, оның мінезіне де тәуелді болғанын қалаймын».

Секс-қуыршақтарды жасап шығарушылардың жарнамаларына көз салып қараңыздаршы: «серігіңіз ешқашан көзіңізге шөп салмайды, жүкті болмайды, не істеп, қайда жүргеніңізді тексеріп жатпайды. Қартаймайды, тамақ жемейді, салмақ қоспайды. Сіз жанкүйер болған футбол командасына ол да жақатасады, сіз сүйіп қарайтын сериалдарды ол да қарайды, көңіліңіз түскенде көтереді, мұңайғанда жұбатады». Мұндай жарнамаға өмірден түңілген кез-келген еркектің еріп кетуі әбден мүмкін ғой.

Сондай-ақ, әр қуыршақтың мінезін таңдайтын параметрлері де бар көрінеді: «қырсық», «ашуланшақ», «мейірімді».

Ал Хармони қуыршағында «қызғаншақ» параметрі де кездеседі.

Секс-қуыршақтардың шығу тарихы

Роботтардың шығуына алғаш түрткі болған мемлекет десе, бәріміз Жапония дейміз. Дұрыс-ақ… 1980 жылы олар сапасы жоғары пластикадан жасалған қуыршақ ойлап тапты. Үстіңгі және астыңғы бөліктері алынатын, аяқтарында тігісі бар, түрі ұсқынсыздау, алайда робот деуге келмейтін қуыршақтарды шығарған. Ал америкалықтар аталмыш іске 1993 жылы кірісті. Дуглас Хайнс есімді құрастырушы секс-қуыршақтың прототипін жасады, оны Труди деп атады. Алайда сапасы нашар болды, оған жақындаған адамдар жарақат ала бастады. Адамдарға достық пен махаббат керек еді, бірақ пластикалық зат адамдарға керегін бере алмаған екен.

Ол уақытта Хайнс Bell Laboratoriesу жасанды интеллектіінің инеженері болған. Кемшіліктерді зерттей отырып өзінің жеке Truecompanion фирмасын ашты. Жобаны дамытуға $500000-нан $1000000-ға дейін қаражат кетті. 2010 жылдың 9 қаңтарында Хайнс екі секс-қуыршақты ойлап тапты: Roxxxy (әйел) және Rocky (ер адам). Бұл жобасы сәтті шықты. Әр қуыршағының бойы 170 см, ал салмағы 54 келі болды. Қуыршақтар синтетикалық теріден жасалды, бағдарлама адамның эмоциясын тани алатын күйге жетті. Олардың тіпті механикалық жүректері болған. Не керек, түнде қорылдауды да білген екен, ұйықтамаса да.

«Ол сіздің талғамыңызға сай жүреді. Егер сізге «Порше» ұнаса, ол да «Поршеге» қызығады. Сіз футболды жақсы көрсеңіз, ол да сізбен отырып футбол көреді», – деген еді өз жұмысына көңілі толған Хайнс.

Секс-қуыршағы бар «ер адамдар» не дейді?

Марк Янг Аризона тұрғыны. Маи Лин есімді секс-қуыршағы бар. Не себепті қуыршақ алғанын былай деп түсіндірді?

«Мен көптен бері жалғызбын. Көп қыздармен кездескенмін. Қарым-қатынастарға уақытымды зая кетірдім. Болашақта жақсы қыз кездестіргім келеді. Ал әзірге қуыршағмынң барына да қуанамын», – дейді.

Оның үстіне, әлгі қуыршақ оған сөз қайтармайды, қалаған киімін алып береді, қалаған жеріне апарады. Ал қуыршақ ләм-мим демейді, айтқанына көнеді. Осы сынды әрекеттер жігіттің көңіліне жаққан секілді.

Алайда мұның бәрі уақытша екенін ол түсінер ме екен. Қуыршаққа үйреніп қалған адам, жаны бар әйелдерге төзер ме екен. Төзбесі де, сүймесі де, үйренісе алмауы да айдан анық. Жалғыздықтың дәмін татып қалмасына кім кепіл?

«Оның көздерінде бір сиқыр бар. Жұмыс күнім аяқталған соң ол мені күтеді, бәрі дұрыс секілді. Дене бітімі сұлу, мінсіз. Сапасына көңілім толады», – деп сипаттайды Selobl деген лақап есімі бар ер адам секс-қуыршақпен ара-қатынасы жайында. Ер адам өз сезмдеріне сенімді: «Нағыз махаббат осындай болса, онда мен дәмін татудамын».

Джек RealDoll есімді секс-қуыршақтың иесі. Өз сөзінде әйелдер оны қызықтырмай қалғанын айтқан. «Мен RealDoll-ды сатып алғаныма қатты қуанамын. Ол жай ғана зат емес, менің құрбым, ханшаймым, мен оны жақсы көремін. Бірге болғанымызға 6 ай толды. Келесі жылы жаңа нұсқасын сатып алуды көздеп отырмын. Әйелдер мен үшін қартайып кеткен, оларды қаламаймын».

XXI ғасыр – жаңа технологияның ғасыры. Қоғамды ізгілендіру, білім мен мәдениет жүйесін дамыту жүйесінде ақпараттық технологиялар маңызды рөл атқарады. Сол жаңа технологияның маңызды бөлшегі саналатын компьютер бүгінде адам санасын түгелдей жаулаған. Сөйтіп «жасанды интеллект» деген термин пайда болды. Ол жаңа машиналар мен компьютелік бағдарламаларды құру ғылымы. Иә, заман дамыған сайын ғылымның да алға жылжуы заңды, ескімен қалып қоймай, жаңа дүниелерді қалыптастыру – қалыпты дүние, қашан да солай болған. Алайда артық кететін тұстарын да айтпай кетпеске болмас. Соның бірі ретінде 2017 жылдың аяғында Америкада сатылымға шықпақ секс-роботтарды атауға болады. Бүгін Америкада бар дүние, ертең елімізге келеді. Ол да заңдылық. Алайда санасы биік, ниеті түзу, мәдениетті адамды темірмен қатынасады деген ойдан аулақпыз, әрине. Қай мемлекетте болмасын…

Сілтеме

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close