Үйден шықпай-ақ некені тіркеуге болатындығын білесіз бе?

 84 


1 қадам. «www.egov.kz» электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Электрондық үкіметтің басты бетінде «Отбасы» парағына кіріңіз.
2 қадам. «Отбасы жағдайы» парағына өтіп, «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметін таңдаңыз.
3 қадам. Парақшаның оң жағындағы үстіңгі бұрышындағы «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.Өтініш бланкісі шығады, бұнда қызыл түспен белгіленген жолдар міндетті түрде толтырылуы қажет:
Өзіңіз туралы мәліметтер толтырып, болашақ жұбайыңыздың ЖСН теру қажет.
4 қадам. Бұл кезеңде Салық органы мен СТК көрсететін терезе ашылады (910 – «Жалпы белгінген тәртіп» таңдау қажет), кейін, «Төлеу» батырмасын басу қажет (қызмет құны – 1 АЕК)
5 қадам. Бұдан кейін, Сізді өзіңіздің электрондық-цифрлі қолтаңбамен бекітуге жататын «Қол қою» кезеңіне аударып жібереді.
6 қадам. Енді тек екінші арыз берушінің (болашақ жұбайыңыздың) қол қоюын күту қалды, яғни, ол өтінішті растау қажет (өтініш растауды 48 сағаттан артық емес уақыт күтеді, одан кейін жойылып кетеді).
Электрондық өтініш беру үшін екі үміткер де бірінші рет үйленіп, балалары болмауы керек. Портал арқылы екінші немесе одан да көп неке қию туралы өтініш беру мүмкін емес. Некені тіркеуді тіркеуші орган неке қию туралы бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң жүргізеді.
Нәтиже (1 жұмыс күні ішінде): өтінішті қабылдау туралы хабарлама, некені тіркеу күні мен орны немесе «тіркеуден бас тартылды» деген жауап келеді.

Бөлісу: