Ер мен әйел

Қан қысымы бар және жүрегі ауыратындарға БҰЛ КӨРПЕНІ жамылуға болмайды

0
(0)


Қазіргі таңда тұтынушылар арасында ең пайдалы, өтімді көрпе-төсек көшін түйе жүнді және бамбук талшықтан жасалған көрпелер бастап тұр. иллюстрациялық фотолар: ашық дереккөзден 26 қазан – жылы көрпеге орану күні екенін білесіз бе?! Әлемде осындай әзілге жақын қызықты мейрам бар. Жылы көрпеге оранудың жолдарын барлық адамзат баласы айтпай-ақ, жазбай-ақ білсе керек. Әсіресе қазіргі күн салқындаған кезде кешкі асты ішіп болған соң жылы көрпеге оранып жатқанға не жесін! Оған көрпе астында теледидар қарап немесе телефон ақтара жатып күндізгі шаршауды басқанды және тоңған денені жылытқанды қосыңыз! Адам өмірінің үштен бірін ұйқыда өткізетінін ескерсек, төсек-орынның сапалы болуы өте маңызды. Өйткені олар адамға толық тынығуға, таңертең көңілді, сергек, жақсы көңіл-күймен оянып, демалып тұруына көмектеседі. Ал күнді тынығып, сергек бастаған жанның ісі де оңды болмақ. Қазіргі кезде көрпе-төсектің сан алуан, табиғи, жасандыжүн, мамық, синтетика және жібектен жасалған түрлерін кездестіре аласыз. Алайда олардың барлығы бірдей сапалы бола бермейді дейді мамандар. Оның құрамын таңдау үшін ең алдымен өлшемі мен жылу оқшаулағыш қасиетіне көңіл бөлгеніңіз дұрыс. «Дәріханалық көрпе» Мақтадан жасалған көрпе – бүгінгі таңда бұл көрпе «дәріханалық көрпе» атауына ие болған. Өз заманында мақта көрпегешақ келер бәсекелес болмаған. Тек қазіргі уақытта одан гөрі тиімділігі мен пайдасы жоғары көрпелер шыққаннан кейін, тұтынушылар тарапынан сұраныс азайған. Мақта көрпенің тиімді жағы – жылуы жақсы ұстайды, ылғалды сіңіреді, аллергия туғызбайды. Тиімсіздігі – салмағы ауыр, ауаны нашар өткізеді. Басты тиімсіздігі – тазалау өте қиын, шаң-тозаңды бойына жинауда алдына жан салмайды. Ауыр көрпе Жібек көрпенің тиімілігі – шаң жинап, аллергияны қоздырмайды. 9-12 жылға дейін қолдануға болады. Жұмсақ, нәзіктігінің арқасында жағымды әсер бөліп, демалуға жайлылық сыйлайды. Тиімсіздігі -жібекпен толтырылған көрпелер ауыр келеді, сондықтан екінің біріне ұнай бермесі анық. Мұндай көрпелердің ыңғайы жууға, химиялық тазартуға келе бермейді. Сондай-ақ жібек көрпе кішкентай балалары бар үйге жарамайды. Үстіне секіруге, ойнауға, жүгіруге болмайды. Жинағанда өте қатты орауға, үстіне ауыр заттар қоюға және салқын жерде сақтауға болмайды, ол кезде нәзік көрпе өзінің бар жұмсақтығынан айрылады. Қымбат көрпе Құс мамығынан жасалған көрпе – мұндай көрпелер жылуды өте жақсы ұстайтын блғандықтан, қысқы маусымға тура келеді. Бұл көрпелер қаз бен үйректің және солтүстік жақта мекен ететін «гагара» теңіз құсының мамықтарынан жасалады. Гагара құсының мамығынан жасалған көрпелердің бағасы өте қымбат жүреді. Тиімділігі – жеңіл, жұмсақ, көшіп-қонуға ыңғайлы. Қыста жаурап, жазда ыстықтамайсыз. Тиімсіздігі – ылғалдылық жоғары жерде тез дымқылданады, аллергиясы бар жандар үшінпайдалану ұсынылмайды. Жүрегі ауыратындарға жамылуға болмайтын көрпе Синтетикалық көрпе – мұндай көрпелер үнемі көшіп қонып жүретіндер үшін тиімді. Көрпелерге салынатын синтетикалық толтырманың ең көп тараған түрі – холофайбер және «аққу мамығы» (аққу мамығына еш қатысы жоқ) деп аталады. Тиімділігі – кез-келген ылғалды жақсы көтереді, аллергия туғызбайды, жуып-тазалағанда түйірленбейді. Қандай жағдайда жинасаңыз да, ұзақ тұрып қалса да бастапқы қалпына өте тез келеді. Тиімсіздігі – сырты қомпайып тұрғанмен жылуды жақсы бермейді. Ылғалды аз сіңіреді, сондықтан көрпе астында терлеген жағдайда буда қалғандай әсер беріп, дымқыл өзіңізге қайта келеді. Жүрегі ауыратын, қан қысымы жоғары жандарға мұндай көрпелерді жамылу ұсынылмайды. Иіс пен дымқылға қарсы көрпе Түйе жүн көрпе – мұндай дайын көрпені аларда бірінші кезекте ішіндегі толтырманың тығыздығына мән беріңіз. Себебі олардың жылу беруі осыған байланысты болады. Сондықтанжылы, барлық мезгілге арналған, жеңілдетілген және жеңіл болып бөлінеді. Толтырманың тығыздығы заттаңбада (этикетка) көрсетіледі. Тығыздығы 420гр/м2 көрпе – өте жылы, қыстың қатты суығына немесе өте жаурағыш жандар үшін. Барлық маусымға арналған – 300-350гр/м2 тығыздықта болады. Аты айтып тұрғандай жылдың кез-келген мерзімінде пайдалануға болады. Жеңілдетілген көрпеде тығыздық мөлшері– 220-280гр/м2, жаз бен жазда түндерінде жаурайтындар үшін. Ең жеңіл тығыздықта – 200-220гр/м2. Бұл көрпелер көктем мен күздің жылы күндерімен жаздың жайлы түні үшін жарайды. Ең үлкен тиімділігі – өздігінен тазаланады, яғни бір түн ішінде жарты литрге дейін денеден тер бөлінетін болса, соны сіңіріп, көрпеде иіс те, дымқыл да қалмайды. Дұрыс күтілген жағдайда ұзақ қызмет етеді. Сондай-ақ шипалы тұстары да бар. Жүйкені тыныштандырады, қан айналымына жақсы әсер етіп, ұйқы жайлы болады. Тиімсіздігі – бірінші кезекте аллергиясы бар жандарға ұсынылмайды. Мұндай көрпеге күйе көбелек үйір болады. Көбіне химиялық тазала ұсынылады. Өзін-өзі тазартатын көрпе Бамбук көрпе – бұлар кейінгі кезде пайда болып, аты шыққан жамылғылар. Тиімділігі – ешқандай аллергия тудырмайды, ылғалды тез сіңіреді, шаң жұқпайды, суықта жылы, ыстықта салқын ұстайды және өте төзімді. 24-28 сағат ішінде көрпеге жабысқан бактериялар өздігінен жойылып кететін көрінеді. Тиімсіздігі – әзірге жоқ. Негізінен жамылатын көрпені таңдау әр адамның жеке қалауына, оның денсаулығына, материалдық жағдайына байланысты екенін атап өту қажет. Сондай-ақ таңдау кезінде тұрғылықты жердің климаттық жағдайы мен тұрғын үйіңіздегі бөлме ылғалдылығын және оны қолданатын адамның жасын ескергеніңіз жөн.

Жайлы көрпе астында ұйқыларыңыз тыныш болсын!

Сілтеме

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close