Ер мен әйел

Ғашықтар бір-бірін алғаш рет үйлену тойынан төрт күн бұрын көрген

0
(0)

Ұлыбританиядағы Ноттингем қаласының тұрғыны үйлену тойынан бірнеше күн бұрын Тунистен келген жарымен бірінші рет кездесті.

2019 жылдың тамыз айында Тунис тұрғыны Юзеф Мрад 36 жастағы Лизамен танысуға арналған қосымша арқылы танысқан. Бірнеше ай бойы олар хат алмасып, телефонмен сағаттап сөйлескен.

Олар өмірде бір-бірін көрмеген, бірақ Лиза Юзефке оған үйленуді ұсынған және Юзеф келісе кеткен. Ақпан айында Лиза сүйіктісіне Туниске ұшып келген, ал төрт күннен кейін, 25 ақпанда олар Юзефтің отбасымен бірге үйлену тойын атап өтеді. Содан кейін Лиза өз туыстарына үйлену тойы туралы айту үшін қайта үйіне оралған.

«Ұшақта: «Құдай-ау, мен мұнда не істеп жүрмін?» деген ой келді. Бірақ оны көрген бойда барлық күдік жойылды. Мен оны жақсы көремін», – дейді Лиза. Әйелдің бұрынғы отбасынан 12 жастағы ұлы бар.

«Менің қуанышымда шек болмады. Бұл ессіздік болып көрінуі мүмкін, бірақ біз бір-бірімізді өмірде көргенге дейін де сөз байластық. Осылай дұрыс сияқты. Мен Юзефтің өзімнің адамым екенін бірден түсіндім. Бұған дейін біз екеуміз отбасын құрып, балалы болғымыз келетіні жайлы сөйлескен болатынбыз», – дейді әйел.

Юзеф Британияға көшуге мүмкіндігі болмайынша Тунисте қалатын көрінеді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close