МАНИКЮР түріне қарап ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ екеніңізді білуге болады

 146 

Бүгінде әсемдікке құмартпайтын, күтіміне көңіл бөлмейтін әйел кемде-кем шығар. Әсіресе, қолына қарап, оның қандай күтім көргенін, қаншалықты таза, өзіне күтіммен қарайтын әйел екенін байқауға болады. Тіпті, әйелдің қолына қарап, жас шамасын да байқауға болады дейді мамандар. Біз бүгін тырнақтың пішініне қарай, тырнақ иесінің қандай жан екендігін байқап көрейік.

КВАДРАТ пішіні Ішкі интуиция, сезімге берілуден гөрі, салқын ақылға «құлақ асып», негізгі сүйенетін дәйектерді негізге ала отырып, шешім қабылдайтын жандар. Осындай тырнақ пішінін қолайлы көретін нәзікжандылар ізденімпаз, дүниетанымы кең, көзқарастары батыл болып келеді. Жалғыз ғана кемшілігі қарапайым, ұсақ-түйек детальдарға да керегінен артық назар аударып, бүге-шігесіне дейін «шұқшиып» кетеді.
ТІКТӨРТБҰРЫШ пішін Осындай пішіндегі маникюрді таңдайтын болсаңыз, өмірлік мақсатыңыз айқын, өзіңізге сеніміңіз мол жансыз. Мамандық таңдауда да қателеспеу үшін өмір сүру жолында адаспау үшін терең ойланып, маңызды қадам алдында белгілі бір мақсат қойып, нысананы көздейсіз. Мәселелерді шешуге осы табандылығыңыз көмектеседі.
Қырлы ҮШБҰРЫШ пішіні Мұндай пішінді кез-келген бикеш таңдай қоймайды. Көбінесе, көңіл-күйі құбылмалы, сезімтал, салқын ақылдан гөрі, сезімге көбірек берілетін нәзікжандылар осы пішінді таңдайды. Оларда жағдайды толық бақылауда ұстау және дер кезінде дұрыс шешім қабылдау жағы кемшіндеу. Қырлы үшбұрыш тырнақ пішінін өзіне сай үстемдік беретіндей сезімде қабылдайды.
ДОҒАЛ пішін (овальный) Мұндай тырнақ пішінін тәуір көретін әйелдер өте сезімтал келеді. Көз жасы да, күлкісі де өте тез. Яғни, әп-сәтте жылай салуы, соңынан барлығын ұмытып, күле салуы жаздың күні аспанды бұлт басып, жауын төпелеп, артынан жарқырап күн шыға салғаны секілді күйді елестетеді. Бір жақсы мінезі, біреуге өкпелесе, ренжісе, сол ренішін ұзақ уақыт бойы ішінде сақтап жүре алмайды. «Жақсы адамның ашуы-шәйі орамал кепкенше» деген сөз осындай бикештерге арналғандай.
Сілтеме

Бөлісу: