Ер мен әйел

Ауа желдеткіш коронавирус тарата ма?

1
(1)

Бірқатар елдерде карантин жеңілдей бастады, қоғамдық көліктерге, кеңселерге, кафелерге, дүкендерге және спортзалдарға көп адамдар жиналуда. Көпшілік кондиционер вирус таратады деген сенімде.

Кондиционер инфекция қаупін арттыра ма?

Ғалымдардың пікірі бойынша, кондиционер арқылы коронавирус таралуы мүмкін. Бірақ бұл вирус көзі бола алмайды. Сондықтан оларды қайда және қалай қолдануға болатынын қарастыру өте маңызды. Коронавирустың таралуындағы кондиционерлердің рөлі алдымен Ухандағы мейрамханада инфекция схемасын зерттеген қытай мамандарының зерттеуінен кейін талқыланды. Ол жерде кондиционерлердің жанында үстел басында отырған тоғыз адамның коронавирус жұқтырғанын анықталған. Сонымен қатар, Diamond Princess круиздік кемесімен болған оқиға көпшіліктің есінде болса керек. Борттағы 3000 адамның 700-і ауырып, кеме карантинге алынған еді. Дәрігерлер мұнда лайнердідегі желдеткіш жүйесі маңызды рөл атқарды деп санайды.

Залал қалай пайда болады?

Тақырыпқа түсініктеме берген барлық сарапшылар ауаны желдеткіш арқылы мұздату кезінде бөлмеде науқас болса, ауаны салқындату жүйелері инфекцияның таралуын арттыруы мүмкін екенін айтады. Сондықтан, егер вирус жұқтырған адам жөтелсе немесе түшкірсе, кондиционерден шығатын ауа ағыны бұл тамшыларды тарата алады, бірақ онша алысқа емес. Ауа ағынының бағыты да маңызды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close