Ер мен әйел

Қазақта топтық секс болған ба?

5
(1)

 

Елордамыздағы Ұлттық компаниялардың бірінде жұмыс істейтін досым мазасыз күйде үйге келді. Хал-жағдай сұрасып, шәйден сіміріп алғаннан соң, тысқа шығып шылым тартып тұрып, үйдің ішінде айтылмайтын бейформал әңгімелерімізден сораптап кеттік.
– Біләәә, бырат! – деді досым күрсініп, – Жұмыста бір әйел бар. Біздің бөлімнің басшысы өзі. Мен осы бөлімге ауысып келгелі қарым-қатынасымыз тым түсініксіз. Бір күні келеді де сүйкеліп, сүйеніп кетеді. Өзім де ара-тұра әзілдесіп, оң қабақ танытып қоямын. Ал, ешқандай реакция білдірмесем, өзінен-өзі ашуланып, жазған есебімнің әр бұрышынан бір қате тауып зайыбалды шығарады.
– Тұрмыстағы келіншек па? – дедім аздап қызығушылық танытып.
– Жоғаа, қайдағы тұрмыс? Әп-әдемі әйел, негізі. Карьера қуған күйі ол фронтта уақыттан жеңіліп қалғаны бар.
– Әйел демеші, иооо! Келіншек десейші онда :)
– Жарайды, сол келіншек, ощм. Корпоративтерде де былай тартып көрдім. Біршама жерге келіп қалған кезде бұрылып кетіп қала береді. Не қалайтынын түк түсінбей қойдым. Былай қарап тұрсаң, «қалайтын» сияқты. Мысалы, өткенде аздап жымыңдасып жүріп, есебімді өткіздім. Жұмысымды тексеріп отырып, «Ееех, Еркенчик! Какой ты молодец! Менде сен сияқты тағы бір «голова» болса ғой! Жұмысымыз вообще супер болатын еді!» деп мақтап қойды. Мен мәзбін. Ал, ертесіне булығып тұрып ұрсып тастады. Сонда не керек оған?
– Біләәә! – дедім досыма қарап тұрып, – Сен осы уақытқа дейін 17 қыздың арасында әлі көтеріле алмай жүргеніңді білесің ба? Білмейсің! Білсең осылай жүрмес едің. Тыбар-ау, ол келіншектің сенен не қалап тұрғаны айдан анық емес па? Ол деген өмір көрген әйел ғой. Сенің өзің оған дым да қызық емессің. Ол күйдегі келіншектер енді келесі кезеңін түлеп, жаңа эксперименттерге құмар бола бастайды. Жаңа сезімдер мен жаңаша әсерлерді сезінгісі келеді. Хыу ле, «байым», «бала-шағам» деген қызығы жоқ. «Голова» дегендегісі сенің шеніңнің үстіндегі шаш басың емес, беліңнің астындағы таз «басың»! Ал, екі «голова» деп отырғандағысы, ол сенің жалғыз әлің жетпейтіндігін, өзіңдей тағы біреу болса, қайырлы болатынын айтып отыр. Бро, Астананы әлі білмейді екенсің сен. Жұмыстық қатынас пен жыныстық қатынас етене араласып кеткен қала ғой бұл. Мұндағы форматпен салыстыратын болсаң, тіпті, Алматының өзі жіп есе алмай жолда қалып кетеді.
– Қоооееей, біләәә! Айтасың-ау сен де… Солай-ақ дейікші. Бірақ, бізде как-то олай жасау біртүрлі ғой. Тем более, өзге ұлт емес, таза қазақ әйел, тоесть келіншек.
– Өөөөй, қазақ болса да, басқа болса да, әйел ғо ол. Тем более, орта жасқа жеткен келіншек. Топтық секс деген адамзат өркениеті пайда болғаннан бастап бар нәрсе ғой. Санадан ұмытылса да, генде сақталатын сокралды дүние ол. Қазір қазақтарда тәни топтық секс аз болғандықтан, олар амалсыз рухани топтық секспен айналыса бастады. Кез-келген өзіне көндікпеген таңсық дүниелерді саналық, мәдени, танымдық, ақпараттық тұрғыда бүкіл қоғам болып зорлай беретін болды. Ал, бұл деген қоғамға шынында топтық қатынастық қажеттілігінің айқын дәлелі. Сен көрші бро! Давай, ертең сен ол келіншекті кешкі асқа шақырасың. Берікке сол жақта бол деп айт. Ол сондай темаларға жақын ғой өзі. Сол жақта кенеттен жолығып қалғандай боласыңдар. Оны үстеліңе шақырасың. Үшеуің сәл отырған соң, кетуге ыңғай білдіргендей болсын Берік. Әлгі бастығыңның реакциясын байқап отыр сен. Егер, ол нәрсе приоритетті болмаса, онда ешқандай сыр білдірмейді. Бірақ, сен әңгіме арасында, «воот, міне мен сияқты бастардың бірі осы жігіт» деп қыстырып қой! Әрі қарай белгілі болады өзі. – дедім.
– Білмейм, білмейм-ай. Көреміз ғой… – деп құтылған досым, әңгімесін басқа арнаға бұрып жіберді. Шаруалар шығып, асығыс қоштастық та екеуміз екі жаққа тарап кеттік.

Егер кеше әлгі досым телефон соқпағанда, сол күні болған әңгімеміз жай әңгіме күйінде қалушы еді.
– Иооомаееее, Шайқы! – деген телефонның арғы жағынан қуанышты дауыс естілді.
– Ооо, Ереке, қалайсың? Не болды? – дедім дауысына таңырқай.
– В натуре данагөйсің ғой, сүкі!
– Иии, не болды енді, айтсайш дұрыстап?!
– Құттықта, мені! Досың бүгіннен бастап, «Главный специалист», нақтың!
– Айттым ғой, саған, иоомаее! Ал, сен «қазақта топтық секс болмаған» дейсің, біләәә… Құтты болсын ал! – дедім көкірек көзім айғара ашыла, даналықтың биік шыңына рухани түрде тағы бір саты жоғарылап бара жатқан күйімде…

Садық Шерімбек

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Back to top button