Ер мен әйел

Шақырумен жұмыс істейтін еркектер

2
(6)
Біздің тілшілеріміз ерлер жезөкшелігінің Алматыда қаншалықты кеңінен таралғанын анықтауды ұйғарып, сол кәсіп өкілдерімен тілдесіп қайтты. Олардың ашық әңгімелері барлық Vox Populi редакциясын есеңгірету жағдайына душар етті. Мысалы, жеңіл жүрісті еркектердің негізгі клиенттері тек әйелдер еместігі анықталды.
Жеңіл жүрістерді қыздарды табу аса қиын емес – мысалы, «папик» немесе «алматинки» сияқты сайттардан, бірақ ер жезөкшелерге шығу анағұрлым қиын болды. Алайда біз еңсемізді түсірмей, осы кәсіп иелері денелерінің ашына бөліктерінің өлшемдері көрсетілген көптеген сауалнамалары бар ақпараты мол сайтты таптық. Бірінші кезең артта қалды, енді олармен репортажға қатысу жөнінде келісу керек еді. Сіз шақырумен жұмыс істейтін еркектерге хабарласып, олармен тілдесіп көрдіңіз бе? Менің де, біздің машықтанушымыз Чингиз Сайхановта да мұндай тәжірибе болмаған еді. Алғашқы қоңырауларымыз табыспен аяқталмады: дауыс дірілдеп, сөзіміз байлаусыз, мағынасы түсініксіз болды.

«Адамдармен телефон арқылы қалай келісуге болады» деген тақырыптағы бірнеше мақалаларды оқып алып, өзінше сөз дайындадық және кейіпкерлерге қатысқандары үшін тегін студиялық фотосессия ұсынуды шештік. Осыдан кейін біз келісімдер алдық, сыпайы бас тартулар және балағат сөздер естідік.

Арман 27 жаста, Самарқанда, үлкен жанұяда туып-өскен. Ол төрт баланың үлкені. Туыстарының ешқайсысы оның қалай табыс табатыны туралы білмейді:

– Мен Алматыда 2002 жылдан бері тұрамын. Орта білімім бар. Бір кездері мен ҰҚК Академиясында оқыдым, бірақ алып жүре алмадым. Қазіргі таңда менің негізгі табыс көзім – «Кар Сити» СО-дағы жалға алынған бутик, шыны керек, қазір оның әкелетін табысы төмен – маусым емес, өзіңіз түсінесіз ғой. Негізі, мен жезөкшелікпен өзімнің рақаттылығым үшін айналысамын. Қызметтерімді қызғарға да, жігіттерге көрсетемін, бірақ, білесіз бе, менде еркекпен жыныс қатынасы болады деп ойламап едім.

– Өзімнің алғашқы гомосексуалдық тәжірибем туралы әңгімелеп берейін: кешкісін бір каналдан келесіге ауыстырып, теледидар қарап отырдым, кенеттен мен музыкалық арналардың біріндегі SMS-чатқа назар аудардым. Көп ойланбастан, мен сол жерге мынандай мәтінмен хабарлама жолдадым: «Қыздар, секс қалаймын, жазыңдар» – бір уақытта бір қыз қоңырау шалды. Біздің сұхбатымыздың барысында ол шамамен маған былай деді: «Мен жаспын, әдемімін, барлығы орнында, бірақ менің шартым бар: менің гей-досым бар, сен оған өзіңе минет жасауға рұқсат етуің керек, сонда мен сенімен таңға дейін боламын, пәтер жалдаймын және т.б.».

Мен ойланып, келістім. Бірнеше күннен кейін біз жалдамалы пәтерде кездесіп, әңгімелесе бастадық. Жігіттің сырт келбетінен оның ГЕЙ екені көрініп тұрды. Басында мен үрейлендім, бірақ маған әлгі қыз ұнап қалды, және мен көрші бөлмеге мәмілеміздегі өз бөлігімді орындауға кеттім. Жігітпен іс бітіріп, мен таңға дейін сол қызбен болдым. Одан кейін бұл жөнге салынған сұлба бойынша көп рет қайталанды, бірақ біз әлгі жігітпен тек оралдық секспен шектелмедік, біраз уақыттан кейін қыз біздің қарым-қатынасымыздан шығып қалып, мен тек сол жігітпен кездесіп жүрдім.

– Біраз уақыттан кейін мен ашыналық қызмет көрсетемін деген хабарландыруымды таныстық сайтына орналастыруды ұйғардым. Алғашұы клиенттер пайда болды. Адамдар ештеңе істегісі келмегендіктен жезөкшелікпен айналыса бастайды деп ойлаймын, ал секс-қызметтерге кездесулерге, жағынуға уақыт жоғалтқысы келмейтіндіктен барады, қазір көбісінде мансап бірінші орында тұарады ғой.

Мүмкін менің клиентерімнің саны көп болар ма еді, бірақ мен қатаң активпін, сондықтан көптеген қалаушыларды жоғалтамын. Бір кездері менің тұрақты клиентім болды, ол өзіме енуге рұқсат беруім үшін үлкен ақша ұсынатын, бірақ мен әрдайым бас тарттым. Жігіттерден басқа, кейде қыздар мен ерлі-зайыптылар да хабарласып жатады. Бір күні мен сондай жұптардың біріне келдік, бірақ қорытындысында мен баст тарттым, өйткені әйел өте кәрі болатын және ер адам да маған пассивтік рөлде болуды ұсынды. Мен үшін бұл істегі бастысы – ләззат алу.

– Топтық секс те менде жиі болып тұрады, бір күні бірден үш қызды қанағаттандырдым. Маған хабарласқан клиенттердің арасында жоғары лауазымдағы үйленген ер адамдар да болады. кейде олар маған өздеріне анилингус жасауды өтінеді, бірақ мен бас тартамын, сонда олар маған істей бастайды. Жыныстық қатынаста мен фантазияға берілгенді жақсы көремін. Мысалы, егер қыз менен үлкен болса, төсекте мен оны мама деп атаймын. Қыздардың секс кезінде айқайлағанын ұнатамын, оларға ләззат сыйлағанды жақсы көремін. Мағн минет жасағанды қатты жақсы көремін, бірақ өзім шәуеттің дәмін жек көремін, сол себепті ауыз алмауға тырысамын. Маған әрқашан қыздар ұнайтын, ал жігіттермен мен тек көңіл көтеремін, себебі ерлерге жеңіл қол жеткізуге болады. Сонымен қатар маған транссексуалдармен жыныстық қатынас ұнайды, өйткені олардың ұстайтын жерлері бар.

Ұзақ уақыт бойы бір әйелмен байыпты қарым-қатынаста болдым, екеуіміздің танысуымыз да қызықты оқиғаға толы: 5 жыл бұрын мен қала ішінде адам тасымалдаумен айналысып жүрдім, бір күні ол маған отырды. Біз әңгімелесіп кеттік, сапарымыздың соңында мен оның Астанадан екенін және біздің қаламызға жұмыс бабымен келгенін білдім. Мен оған Алматыға көшуді ұсындым, және бір қызығы, ол келісті. Екі аптадан кейін біз бірге тұра бастадық. Біз онымен бір жарым жыл бұрын ажырап кеттік – мінездеріміз үйлеспеді. Одан менің үш жасар ұлым бар, онымен бірге қазір жалдамалы пәтерде тұрамын. Соңғы кезде менің жезөкшелікке уақытым мүлдем жоқ. Мен тіпті бұл кәсіптен біржола кетіп, өзімді толықтай бизнеске және ұлыма арнағым келеді. болашақта оның ҰҚК қызметкері болғанын қалаймын.

Мен Құдайға сенемін. Егер сен ешқандай жаман әрекеттер жасамасаң, онда сен жаман нәрсеге кезікпейтініңе сенемін.

– Менің атым Жанна, бірақ мен Тимур деген атпен өстім. 1989 жылы Қазанда туылдым. Мен 5-те болғанда барлық жанұям Алматыға қоныс аударды. Балалық шағымның өзінде мен өзімнің қатарластарымнан ерекшеленетінімді түсіндім, – ұлдармен достасу мүмкін болмайтын. Балалық шағымда мен сурет салғанды қатты жақсы көретінмін, менің құмарлығым сән болатын. Мен модель болуды армандадым. Мен андрогин-модельдер ағымы туралы естігеннен кейін, модельдік агенттіктердің есіктерін қаға бастадым, бірақ барлық жерде тек бас тартулар болды. Мен Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ бітірдім. Бір уақыттары интернетте мәтіндерді аударумен айналыстым, бірақ бұл аса үлкен табыс әкелмейтін.

– Алғашқы рет мен 19 жасымда сүйістім. Бір жігітпен интернет арқылы таныстым, ол мені гей-клубқа шақырды, ал одан кейін біз оның үйіне барып, сол жерде қыздығыммен қоштастым. Менің жезөкшелікпен шытырман оқиғалар іздегендіктен немесе жеңіл ақша үшін айналыса бастамағанымды бәрінің білгенін қалаймын. Туыстарым менің жыныстық бейімділігімді білген кезде барлығы менен бас тартты. Біз анамыз екеуіміз ғана қалдық. Екі жыл бұрын ол қайтыс болды, менің тіпті лайықты жерлеу үшін ақшам да болмады, сондықтан қарызға алуға тура келді, нәтижесінде мен оларды төлей алмай қалдым. Мәселенің шешімін бір жақсы танысым ойға салды, ол өзі де осындай қызметтерді жиі қолданатын. Ол мені жезөкшелердің сауалнамалары жинақталған сайтқа тіркеді. Алғашқы клиенттер екі аптадан кейін пайда болды, ал жарты жылдан кейін менде тұрақты клиенттер базасы қалыптасты.

– Мен жақсы табыс таба бастадым, жақсы пәтер жалдау мүмкіндігіне ие болдым. Бірақ барлығы жақсы болған жоқ. Былтыр мен топтық зорлаудың құрбаны болдым. Мен жаңа клиентпен кездесу туралы келістік. Біз жалдамалы пәтерге келдік, ол маған шарап ұсынды, мен келістім. Ол шамамен 40-та болатын, ұзын бойлы және мығым денелі еді. Біз диванда отырдым, кенеттен есікке қоңырау соғылып, мен қорқып кеттім. Ол есік ашуға жөнелді, көп ұзамай дәлізде күлкі естілді. Мен әрі қарай не болатынын түсіндім. Кетіп қалғым келді, бірақ диваннан тұрған сәтте, қонақжайға тапсырыс берушіні есептемегенде тағы екі жігіт кірді. Басында мен маған қоңырау шалды және шұғыл түрде кетуім керек деп айттым, бірақ олар мені жібермей, еденге итеріп жіберді. Әрі қарай не болғанын өзіңіз де сезесіз ғой.

– Менің клиенттерім көп болды, орташа жасы 20-дан 50-ге дейін, солардың ішінде үйленген еркектер де бар еді. Зинақорлар да аз болмады. Мен үшін жыным мүшесінің өлшемі маңызды емес, өйткені секстен құсқым келеді, мен бұнымен айналыса алмаймын, бірақ басқа амалым жоқ. Мен сияқтыларды жақсы жұмысқа алмайды. Мен қазір жаңа өмірге ақша жинап жатырмын. Тайландқа қоныс аударғым келеді. Мен Құдайға сенбеймін және сенетіндерді зердесіз деп есептеймін. Бірақ бұл менің қалағаныммен айналысқым келгені сияқты олардың да құқықтары ғой. Болашақта мен жанұлы болуға, бала асырап алуға үміттенемін. Бірақ Қазақстанда бұл мүмкін емес, сондықтан мен көшу туралы жоспарларым мен армандарыммен өмір сүремін. Зарланып отыр деп ойлап қалмаңыз. Әркімнің өз тағдыры, өз жолы бар.

Біздің келесі кейіпкеріміз *Нұрлан**, 1990 жылы ШҚО-нда туылған:

– Қарапайым қазақ отбасында өстім, біз үшеу едік – мен және екі інім. Балалық шағымда армрестлинг, волейбол, күреспен айналыстым – жалпы спортқа әуес едім. Мектептен кейін Алматыға келдім, медициналық колледжге түстім. Оқу бітіргеннен кейін мамандығым бойынша жұмыс істей алмадым – бұл менікі емес еді. Мен көптеген қызметтерді ауыстырдым: даяшы, күзетші, құрылысшы болдым. Өте қиын болды, мұндай жұмыс айтарлықтай табыс әкелмеді. Сосын қазір айналысып жүргенімді істеймін деп шештім. Мені гей деп қалмаңыздар, мен бисексуалмын. Клиентпен болған алғашқы жыныстық қатынасым ұмытылмастай болды. Біз жалдамалы пәтерде отырдық, менің бұл істе тәжірибем жоқ болғасын ол маған екі жігіт арасындағы жыныстық қатынастың бейнежазбасын көрсетті. Мен есеңгіреп қалдым. Өте қорқынышты еді, одан кейін сол ерлердің істегендерін ақырындап қайталап көрдік. Бірінші рет бұл маған ұнамады, бірақ міне екінші рет болды, саунада… Мен қалай рақаттандым десеңізші! Мен әрі қарай үйренуді жалғастырдым, бір күні тіпті бір жігіттің «қыздығын» алдым…оған ұнады, оның сол жері өте тар болғандықтан менің жыныс мүшем ауырып қалды. Әлбетте, мен өз денсаулығымды қадағалаймын, әлсін-әлсін қажетті анализдер тапсырып тұрамын.

– Мен қыздармен қатар, ерлерге де қызмет көрсетемін. Бірақ маған көбінесе жігіттер хабарласады. Орыстар да, қазақтар да, бірақ неге екені белгісіз, орыстар көбірек. Менің барлық клиенттерім – қарапайым адамдар, бірақ сіз сол адамдардың әйелдерінің көзіне шөп сала отырып, төсекте еркектерді қалайтынын ешқашан ойламайтын едіңіз. Дүние сондай, барлығы өз рөлдерін ойнайды, бетперде киеді. Транссексуал-клиенттер де болды. Менің тұрақты клиенттерім өте көп. Солардың өз жанұялық өмірін түрлендіргісі келген ерлі-зайыптылар да баршылық. Топтық секс те болды, менен басқа 5 жігіт қатысты, бірақ мен әрқашан актив рөлінде болдым.

Клиенттер үшін жыныс мүшесінің өлшемі маңызды екенін түсіндім. Неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жақсы. Менің жыныс мүшемнің өлшемі, мысалға, 20 см, және клиенттерге менің ұсынғаным ұнайды. Мен оларды қанағаттандырамын, бірақ кейбіреулеріне аймалау да жеткілікті. Мен клиенттерді минет жасамаймын деп бірден ескертемін, өйткені пассивтер ғана сорады. Маған пассив рөлін жиі ұсынады, мен саған кіргізейінші дейді, бірақ мен бас тартамын. Бұл менікі емес. Айтпақшы, жасөспірім шағымнан қазірге дейін мен жағажайға немесе бассейнге бара алмаймын, өйткені тез қозып кетемін, және соны жасыру қиынға соғады. Үлкен жыныс мүшесінің бір кемшілігі осы шығар.

– Орташа есеппен мен айына 1000 доллар табыс табамын. Бірақ, әрқалай болады: бірде көп, бірде аз дегендей. Жыл маусымдарына байланысты, қыста клиенттер аз болады. Клиенттермен мен телефонмен келісімен, олар мен туралы жалпы таныстарым арқылы біледі. Менің клиенттерім орта жастағылар, 30-40 жаста, бірақ егделері де кездеседі. Мысалы, менің ең үлкен клиентім 60-та болды. Клиенттің жасы неғұрлым үлкен болса, саған соғұрлым ұзақ жұмыс істеуге тура келеді. Клиенттердің бірімен менде байыпты қарым-қатынаста болдым, негізі ол солай деп ойлайтын. Маған шынында ақша керек болып, мен өз рөлімді ойнадым. Барлығы да екі ғашықтар арасындағыдай болды: мен сені сүйемін, сағындым… Одан кейін оның ақшасы бітіп қалды.

– Ақылға қонбайтын ұсыныстар да болады: клиенттерімнің бірі үйлердің кіреберісінде жыныстық қатынасқа түскенді жақсы көретін, басқалары өздерін ұруды сұрайтын. Оларға осының не үшін керегін білмеймін, маған бұл қызық та емес, ақшасын жақсы төлесе болды. Мәселелерсіз де болмады. Бір күні маған секс үшін ақша төлемей қойған, бірақ мен саспастан сағатын ұрлап кеттім. Ішімдікке ұйықтатып тастайтын дәрі араластырып, бірнеше рет мені зорламақ болды, бірақ мен жұмыс уақытында ішпеймін.

Адамдар неліктен маған куеледі? Тіпті білмеймін. Менің ойымша, бәрімізге секстегі әр түрлілік керек болғандығында. Алматы – осындай әрекеттер үшін нағыз орын, мұнда барлығы дерлік біржыныстық сексті байқап көрген.

Менің туыстарым мен достарымның ешқайсысы менің табыс көзім туралы білмейді. Шынымды айтатын болсам, шұғылданып жүрген кәсібім өзіме ұнамайды. Кейде жыныстық қатынасқа түсуге деген ықыласым болмайды, бірақ өз-өзімді мәжбүрлеуге тура келеді. Бір күні маған тіпті виагра ішуге тура келді – сол күні мен өте егде клиентпен болғанмын. Айтпақшы, ол простатитпен ауыратын, осылайша емделетін, еркектік безді уқалау туралы бірдеңелер айтқан. Жеке гигиена ережелерін сақтамайтын жігіттермен жиі болдым, яғни олардың иістері жағымсыз немесе ашыналық жерлерінде шаштары тым көп болады. Ақшасын жақсы төлейтін болса мен порноактер болушы едім. Айына $3000 келісер едім. Қанша жасыма дейін осымен айналысатынымды білмеймін. Болашақта жанұя құрғым келеді. Егер менің балаларым болса, онда мен оларды міндетті түрде театрлық үйірмеге, хорға беремін. Олардың шығармашылық адамдары болғанын қалаймын.

Балалық шағымда мен әнші болуды армандадым және осы күнге дейін арманымның орындалатынына үміттенемін. Мен көп оқимын, ең сүйікті авторым Дейл Карнеги. Мен өзім де аздап жазамын. Күнделік аштым, соған өзімнің әрбір клиенттерім туралы ақпарат енгіземін, яғни жыныстық қатынас қалай өтті және басқа да жай-жапсарын жазамын. Күндердің күнінде мүмкін кітап жазып, танымал болармын!

– Менің атым Анастасия, достарым арасында – жай ғана Настя. 24 жыл бұрын Алматыда дүниеге келдім. Мен католик дінін ұстанушысымын, оны ең дұрыс дін деп есептеймін, бірақ басқа конфессияларды жоққа шығармаймын. Балалық шағым стандартты болды: мектеп – үй. Мектепте мені көбісі қызтеке деп атайтын, бірақ мен оған көңіл бөлмейтінмін. Мен немістер отбасында туылдым, сондықтан мені неміс тілін үйренуге мәжбүрлейтін. Мен басқаларынан өзге екенімді жыныстық жетілу кезінде түсіндім. Туыстарым бірден қабылдамады, ұрыс-керістер мен жанжалдар орын алды. Мен кішкентай болған кезде менің әкем Ресейге қоныс аударды. Мен оны тек бір рет қана көрдім, сол кезде мен 5-ші сыныпта оқыдым, ал бірнеше жылдан кейін ол қайтыс болды. Орта мектептен кейін мен С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түстім, бірақ біраз уақыттын кейін медицина менікі емес екенін түсіндім. Тарих – мен өмірімді арнағым келетін сала! Мен өзімнің медициналық дипломымды лақтырып тастап, дүниежүзілік тарих мұғаліміне оқып, университетте дәріс оқығым келеді. Балғын шағымнан бастап өнер, әдебиет, тарихты – барлық әдеміні жақсы көремін. Университетте оқып жүргенде мен гейлер туралы білдім. Келесі күні «Спартакус» гей-клубын іздеп таптым. Қоңырау шалдым, бірақ ол жабылып қалған екен. Сосын бір танысым маған «Реал» клубы туралы айтты, бұл 2007 жыл еді. Мен өзімнің әпкемді алып, көңіл көтеруге жөнелдік. Сол кезде мен алғашқы рет травести-шоуды тамашаладым және оның маған ұнайтынын түсіндім! Мен шоуға қосылғым келді! Мен өзімнің қабілеттерімді көрсеттім, және мені командаға алды. Бірінші өнер көрсетуімнен бастап барымды салдым. Шыны керек, содан кейін басқа клубқа ауысып, екі жыл бойы солардың шоуларында прима болдым.

– Сол жылдары Қарағандының бір жігітімен таныстым. Оған қарап отырып, өзімді көрдім. Бірақ ол әлдеқайда прогрессивті еді, тіпті қала ішінде парикпен жүретін. Мен жезөкшелікпен айналыса бастап, мені де тартты. Менің қалтам жұқарып жүрген кездер болды. Мен, әрине, осындай табыс түрі туралы білгенмін, бірақ қатты қорқатынмын. Бірақ содан кейін мен тығырыққа тірелдім. Өзім ешқашан жезөкшелердің қызметіне жүгініп көрген жоқпын, бірақ бір әдемі жігітті шақырғым келеді. Жезөкше болу қиын емес. Ең қиыны – жақсы жұмыс табу. Менің кім екенімді білгендері – негізігі мәселе. Осындайларды ешкім жұмысқа алғысы келмейді.

– Менің достарымның барлығы немен айналысып жүргенімді біледі. Транссексуалдар арасында ең білімдісі болғандықтан менімен көбісі араласқысы келеді. Транссексуалдардың басым бөлігі Пауло Коэльо, Пикассо кім екенін білмейді, Монені Манеден ажырата алмайды. Мен олардың ешқайсысымен тығыз араласпайпын, өйткені сөйлесетін тақырыптар жоқ. Белгілі бір достар тобым бар. Транссексуалдардың барлығы – жалғыз адамдар. Біз сияқтылармен кездесуге қорқады. Өте өкінішті. Сондықтан көбісінің өмірлік мақсаттары жоқ. Клубқа барып, жыныстық қатынасқа түсіп, ішімдік ішу – өмірлері осындай. Егер олар жігіт кездестіріп жатса, онда сол жігіттері мойындарына отырып алады, оны пайдаланады.

Бізді құқықы қорғау органдары жиі қыспаққа алады. Олар мен сияқтыларда күзет, жеңгетайлар болмайтынын біліп алған, сондықтан бізді ұстап, ақша талап етеді. Маған екі рет қысымшылық көрсеткен. Мен өзім тұтығып сөйлеймін, ал бірінші қыспақтан кейін екі аптадай сөйлей алмай қалдым. Өте қорқынышты еді. Сол себепті мен тек танитын адамдармен ғана араласамын.

– Менің үш-төрт тұрақты клиентім бар. Ерлі-зайыптыларға ешқашан қызмет көрсеткен емеспін, әйелдерге қарай алмаймын. Сол үшін көп ақша ұсынған да болатын. Менің клиенттерім 30-40 жастағылар, бұл белсенді жас. Маған қол жеткізі өте қиын, өйткені мен жиі бас тартып жатамын. Кейде менің құрбыларыма хабарласып: «Настя мені қашан қабылдар екен, сен оған мен жақсы деп айтшы» дейді екен. Анализдерді үнемі тапсырамын, үш айда бір рет. Зинақорлық қызметтерді көрсетпеймін, өзімнің айқын сұлбам бар. Өзім пассив рөліндегі жұмсақ сексті қалаймын. Әрине, өз кәсібім өзіме ұнамайды, сондай жиіркенішті. Кейде өзіме ызаланамын, бірақ басқа амалым жоқ.

Бір күні бір жегіт келіп: «Менің жанұям, әйелім, балаларым бар, бірақ Тайландта жүрген кезде істеп көргенмін, тағы да қалаймын» деді. Сол жерде барлығы да істейді. Кейбіреулері маған келіп: «Мені алшы» дейді. Мен оларға: «Көжегім, ауырады ғой» деп жауап беремін. Бірақ мен жұмысымды олардың ендігәрі мұндай ықыластары туындамайтындай орындаймын.

Минетті өзім ұнатпаймын, бірақ істеуге тура келеді, айта кету керек, егер онбаллдық шәкіл бойынша бағалайтын болсақ, мен бұны 12 баллға істеймін. Маған көбісі тек минет үшін ғана келеді. Кейбіреулері өз беттерін жасырады – бастарын орап, жарықты өшіреді, ал бітіргеннен кейін минетті әйелдері/қыздарынан жақсырақ істейсің дейді, бірақ мені көшеде кездестіре қалса, онда ұрып-соғатын едім деп қосады.

– Бұл істегі ең басты кемшілік – жиі орын алып тұратын төтенше жағдайлар. Бір күні клиент секстен кейін: сұлуым, дайындал, қазір мен саған көрсетемін! – деді. Сол күні мен екібөлмелі пәтер жалдап, бір бөлмесіне достарымды тығып қойғаным жақсы болды, бірдеңені сезіп едім. Мұндай жағдайлар көп болды. Біреуі қылқындырғысы келді.

ОРташа есеппен мен айына шамамен 500 мың теңгедей табыс табамын. Барлығына жетеді, бірақ одан да көбірек қалайсың ғой. Менің өз пәтерім бар, сонда жалғыз өзім тұрамын, бірақ жұмысымды жалдамалы пәтерлерде орындаймын. Жезөкшелікпен мен көп болса тағы бір жылдай айналысқым келеді, одан кейін сабақ бергім келеді. Мен Калининградқа қоныс аударғым келеді, Еуропа да қасында. Егер мені осында қатты қысып, басқа бір ел саяси баспана ұсынса, онда мен әрине кетемін. Жанұя құрғым келмейді.

Мен үнемі ғашық боламын, содан кейін жылаймын, ұмытып, қайтадан ғашық боламын. Біз өте жалғызбыз.

Руслан, 21 жаста. Атырау қаласында, түрік отбасында туылған:

– Мен спортқа әуес бала болдым, 7 жыл тхеквондоға қатыстым, мектептен кейін Алматыға келдім, газбен дәнекерлеушіге оқыдым, бірақ көздерім ауыра бастағасын тастап кетуге тура келді. Одан кейін уқалау курстарын тәмамдадым. Ұзақ уақыт бойы бір танымал клубта қорқоршы болып жұмыс істедім, бірақ өкпемді ойлап, оны доғаруды шештім, қазір уақытша жұмыссызбын. Алматыда пәтер жалдаймын, жалгерлік ақысын төлеу үшін тырысуға тура келеді. Бос уақытымда ән айтқанды, гитарада ойнағанды ұнатамын, кейде студияға барып жазамын. Айтпақшы, қазір мен махаббат туралы авторлық өлең жазып жатырмын.

Жезөкшелік – менің негізгі табыс көзім. Осы іске мен кездейсоқ келдім. Қала ішімен серуендегенді жақсы көремін, бір күні кеште Жандосов – Гагарин қиылысындағы саябақта отырғанмын, кенеттен маған бір жігіт жақындады, сырт келбетінен гей екені көрініп тұрды, маған безерлікпен тиісе бастады, мен бұрын мұндайды көрмеген едім және оған былай дедім: «Бауырым, жағың сау кезде жөніңе кет». Ол маған мынандай жауап қайтарды: «Сенің дене бітімің, бетің сондай тартымды. Мен сені бір сайтқа тіркейін, жақсы ақша таба бастайсың?». Сол кезде мен ойланып, оның телефон нөмірін алып қалдым.

– Келесі күні маған бір досым бір сайтқа тіркелгендігін айтып, енді тәтейлер хабарласып, секс үшін ақша төлейді деді. Мен сол күні жаңа танысыма хабарласып, мені ғажап-сайтқа тіркеуді өтіндім. Бірінші апта тыныш болды, бірақ сосын клиенттер ағыла бастады.

Жігіттерге қызмет көрсетпеймін, анда-санда болмаса, ерлі-зайыптылар шақырған кездері ғана. Мен еркектермен ешқашан сүйіспеймін, өзіме ұнамайды. Жыныстық қатынаста қыздарды ғана қалаймын. Мен 8-ші сыныпта оқып жүргенде біз достарымызбен қыздарды «сатып алып», оларды үш күнге алып кеткенбіз. Сол кезде қыздар бізге ойыншық сияқты болатын, біз жай ғана оларға қарап тұрдық. Жарты күндей біз қызық көріп, көңіл көтерген шығармыз, содан кейін ғана біз іске кірістік. Еркекпен болған жыныстық қатынасым 2012 жылдың соңында орын алды: мені сол кезде ерлі-зайыптылар шақырған болатын, оның әйелімен іс бітіріп, демалып жатқанымда, ер адамның маған минет жасап жатқанын сезе бастадым. Мен оған: «Сен не істеп жатырсың?!» дедім, ал ол маған сыбырлып, саған әйелім істеді ме, мен бе бәрібір емес пе, мен саған қосымша төлеймін деді. Мен келісе салдым. Осыдан кейін мен ерлерге қызмет көрсете бастадым, бірақ тек актив рөлінде, жігітермен болғанда мен ешқандай ләззат алмаймын, бұны тек ақша үшін жасаймын.

– Жезөкшелік – өте қауіпті кәсіп. Мені тіпті бір рет ұрлап кеткен болатын. Ерлі-зайыптылардың ісі еді, жастары шамамен 50-ге таяу. Мені әдеттегідей пәтерге шақырды, сыра ұсынды, сол сусынға бірдеңе араластырған сияқты. Мен қатты ұйқым келе бастады, әлсізденіп бара жатқанымды сездім, көзім қарауытты, мен тез жуынатын бөлмеге жүгірдім, бірақ кеш еді. Есімді автокөліктің артқы орнында отырғанда жинадым. Мен жағдайды бағалау үшін абдыраспай белгілі бір уақытқа дейін ұйықтап жатқандай отыра бердім. Менің қасымда бір ірі денелі жігіт отырды, күйеуі көлік жүргізіп келе жатты, ал жұбайы жолаушы орнында отырды. Құдайға шүкір мен әрдайым шалбарымның қалтасына кастет салып жүремін, бар күшімді жинап, мен қасымдағы еркек пен күйеуін ұрып құлаттым, сол кезде көлік жыраға түсіп кетті. Машина қашып шығып, мен қаланың сыртында екенімізді байқадым, қашудың мағынасы болмады. Жолдың қасында өсіп тұрған бұталардың арасына тығылып қалдым, осының барлығы жазда орын алғаны жақсы болды. Сол жерде мен олардың кеткендеріме көзім жеткенше, таңға дейін отырдым. Егер есімді жимағанда олардың не істейтіндерін елестетудің өзі қорқынышты. Клиенттер арасында маған сұраныс бар деп ойлаймын, өйтені мен түрікпін, ал көбісі қызу қанды жігіттерді жақсы көреді. Кейде маған қоңырау шалып, сен түріксің бе, денең түкті ме сұрап алып, содан кейін ғана кездесу туралы келіседі. Жынс мүшемнің өлшемі де маңызды, ол менде кішкентай емес – 20 см. Мен тұрақты клиенттер жинамаймын, себебі жеңілдер жасауға тура келеді, адамдар төлемнің мерзімін ұзартуды сұрай бастайды және т.б. Клиенттерге кейде бас тартуға тура келеді, мысалы, бір күні мені өзіне бір егде әйел шақырды, оған қоса басы тақыр еді, тіпті ауыратын да сияқты. Мен өз денсаулығымды қадағалаймын, әрдайым мүшеқап қолданып, барлық керекті анализді тапсырамын.

– Бейтаныс адамдармен жыныстық қатынасқа түсу еш қиын емес, потенцияғ да шағынған емеспін. Білесіз бе, менікі барлық нәрсеге тұра береді! Жігіттерге де, қыздарға да, жастарға да, кірілерге де тұра береді – ағзам сондай! Ақылға қонбайтын сексуалды талғамдары бар адамдар да кездеседі. Бір ер адам маған «алтын жаңбыр» ұйымдастыруды өтінді, мен келістім, бірақ ішімнен ойланып қалдым: «Алтын жаңбыр дегені несі тағы?!». Жыныстық қатынас кезінде ол маған: «Қане! Істеші! Үстіме сиші!» деді. Мен есеңгіреп қалдым. Тірі адамның үстіне қалай сиюге болады? Ол үшін әжетханалар бар ғой, енді клиентке ұнайтын болса, мен оның рақатын бұзатындай кіммін? Тағы бір қызықты оқиға болды: мені өзіне бір сүйкімді қыз шақырды, біз сөйлесе бастадық, аздап ішіп алып, шешіне бастадық. мен оның шалбарын шешіп жатқанда, көз алдымда … ерлердің жыныс мүшесі шыға келді! Нағыз ерлер жыныс мүшесі! Инфаркт болуға сәл қалды! Бірақ мен жұмысымды орындадым, амалым қанша?

Айына менде 10 клиентке дейін болады. Орташа есеппен айына $1000-дан көп табыс табамын, бірақ бұл табысты кір ақша деп есептеймін, сондықтан оларды жинамай, толықтай жұмсауға тырысамын. Мен байыпты қарым-қатынаста болған емеспін. Балалар туралы әзірше ойланған емеспін. Бірақ балаларым болып жатса, онда олардың музыкамен шұғылданғанын қалар едім. Мен Аллаһқа сенемін, бірақ мешітке бармаймын. Болашақта намаз оқитын да шығармын. Соңғы кезде жезөкшелікті доғарып, басқа іспен айналысу туралы ойланып жүрмін.

Біз 24 әлеуетті кейіпкерлерге қоңырау шалдық, тоғызымен біз келісе алдық, бірақ солардың кейбіреулері тағайындалған уақытта кездесуге келген жоқ. Бір жігіт кездесуді үш күн бойы шегерді, ал басқасы бізге 50 доллар төлеп, кәуаппен тамақтандыруды сұрады, ал үшіншісі соңғы сәтте үйленгендігін алға тартып, біздің машықтанушыға көзбе-көз жалдамалы пәтерде кездесуді ұсынды. Біз тәуекелге бармауды жөн санадық.

Шақыру бойынша жұмыс істейтін еркетердің қызметтер бағасы сағатына 30-900 долларды құрайды. Бірақ барлығы клиенттерін жалдамалы пәтерлерде немесе сауналарда, автөлікте және т.б. жерлерде қабылдайды.

Осы репортажға қатысты пікір қалдырмас бұрын, біздің кейіпкерлеріміз бәріміз сияқты сезінеді, армандайды және өмірлерін өздерінің қалауы бойынша құратынын есте сақтаңыздыр.

Сілтеме

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close