Мемлекеттік бағдарламалар

Шымкенттік шенеуніктер жеңілдікпен берілетін 900 пәтерге 13 секундта өтінім беріп тастаған

Шымкент

Шымкенттегі 7-20-25 бағдарламасы төңірегіндегі дау-дамай ушығып кетті. Өйткені баспананы қарапайым бұқараға қолжетімді етуге арналған бағдарламаға жергілікті әкімдіктің «ішкені – алдында, ішпегені – артында» дейтұғын өкілдері де кіріп алған. Бұл туралы белгілі блогер Дәулет Мұқаев пен kozachkow Telegram-арнасы да жазды деп хабарлады newsroom.kz порталы.

«Барды бар, жоқты жоқ дейтін адамдардың қатарынанмын! Өткенде ғана ШЫМКЕНТСКИЙ ВАРИАНТ болмасын деп жазғанда комменттер арасында «Шымкенттен не қорлық көрдің» деп айдалаға қуғандар бар еді. Как будто сол сөзді менен бірінші рет естігендей! Жақсы, ондай вариант болмасын! ШЫМКЕНТТЕГІ БЫЛЫҚ ДЕЙІН! 7-20-25 бойынша бөлінген 900 пәтерге (әсіресе 3 бөлмелі пәтерлерге) 13 секундта өтінім беріп үлгерген басшылар жайлы не айтасыздар? Сайтқа кіріп, 1045 құжаттың скан нұсқасын жүктегенге 13 секунд кетуі мүмкін емес нәрсе. Қарапайым халыққа ӘДІЛДІК КЕРЕК! НЕШЕ КҮННЕН БЕРІ ШЫР-ПЫР БОЛЫП ЖҮРГЕН ЖАНДАР ҚАНШАМА? СОЛАРДЫҢ КӨЗ ЖАСЫНА ҚАЛАМЫЗ ДЕП ҚОРЫҚПАЙСЫЗДАР МА? Көмекшілеріме «Дәулет мырза, бұл бағдарлама жайлы басшыларды да жақтап пост жазу керек еді, ақшасын берейік» деп те хабарласыпты! Мен ақшаға сатылатын адам емеспін!!! Дөкейлерге айтарым – менің жеке нөмірімді анадан, мынадан сұраудың қажеті жоқ. Хабарласпаңыздар маған! Аққа құдай жақ! Басшылар мен әкімдер еніп кеткен тізім қайтадан жаңарсын! Арзан бағадағы (шаршы метрі 180.000 тг) пәтерлер қарапайым ХАЛЫҚҚА БҰЙЫРСЫН!» деп жазды Дәулет Мұқаев өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Көп ұзамай, бұл мәселеге қатысты Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Ерғали Білісбеков түсініктеме берді. Оның айтуынша, әкімдік өкілдері, ең алдымен бюджет қызметкерлері де заң аясында бағдарламаға қатыса алады екен. Сондықтан бұл ретте әлеуметтік санаттағы барлық топтың құқығы бір көрінеді. Сондай-ақ ол Шымкенттің өзінде 20 мың мемлекеттік қызметкердің баспанасыз отырғанын жеткізді.

«Беріліп отырған баспана тегін емес. Ұзақ жылға 7 пайызбен беріледі. Ерекше ескеретін жәйт, бағдарлама кезең-кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде конкурсқа құжаттар қабылданады. Екінші кезеңде қабылданған құжаттардың дұрыс-бұрыстығын арнайы комиссия қарайды. Егер заңға қайшы құжат тапсырғандар болса, олар тізімнен шығарылады», – деді әкім орынбасары.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.