Мемлекеттік бағдарламалар

4 пайыздық автонесие туралы танымал журналист не жазды?

Бүгін 3-4 айдан бері жыр болған жеңілдетілген автонесие бойынша банктер заявка қабылдай бастапты.

Өз басым осы 4%~дық бағдарламаның қызығын әбден көрген адаммын. Салыстырмалы түрде алғанда тұрақты жұмысы мен табысы бар адам үшін айтарлықтай тиімді бағдарлама болатын. Бәрін қымбатшылық пен мемлекеттің орыстарға жалтақтаған саясаты құртты.

Алғаш рет мемлекеттік бағдарлама 2015 жылы іске қосылғанда Хюндай Елантраның жақсы комплектациясын 3. 900 млн теңгеге алдым. Қарызын 2 жылда жаптым.

Ал 2017 жылы Хюндай Туксон Комфорт деген комплектацияны осы бағдарламамен 9.290 млн теңгеге алып, 2,5 жыл айдадым.

Сосын 2020 жылы Хюндай Туксон Трэвел деген комплектациясын 10.900 млн теңгеге салоннан қайтадан алдым. Бұл да сол 4%~дық мемлекеттік бағдарламамен (оның ішінде револьверлік жүйе, яғни бұрын қарызды жапқандардан түскен қаржыны айналымға жіберу арқылы) тиімді болды. Биыл қыста ол берешекті жауып, құтылдым да Туксонды тиімді бағаға сатып жібердім. Себебі көлік бағасы шарықтағанда, бұрынғы алған бағасы мен несие үстемақысы тиімді боп шыға келді. Оның үстіне көпбалалы отбасы үшін тар болған соң, жүрілген 7 орындық көлікті таңдадым.

Ілгерідегі бағдарламаның артықшылығы – қалаған түс, комплектация және банктің қосатын маржасымен переплата көп емес әрі көлік автосалонда немесе қоймада толып тұратын еді ғой.

Қазіргі көлігімнің қарызы жоқ. Сондықтан ақпан айынан бері айтылып жатқан жеңілдетілген автонесиеге қызыққан жоқпын. Жаңалықтарын да қадағаламаппын. Бүгін таңнан бері таныстар, туыстар хабарласып, кеңес сұрап жатыр. Бағдарламаның талаптарын қарап шықтым. Оттаубай!

🚗Алғашқы жарнасыз алсаң, ай сайынғы төлем космический болады. Оны төлеу қиын әрі табысың жетпеуі мүмкін. Банк бірден отказ береді.

🚗 10 млн теңгеге Хюндай Елантраның базовый комплектациясын алудың қажеті не? Ешқандай комфорт,  ең қажетті әрі қолайлы заттар жоқ. Ең құрығанда орындықтағы көтеніңді жылтатын тетігі жоқ болған соң, осыншама қаржыны төлеу қажет пе?

🚗 Көлік түрлері, маркасы, моделі шектеулі, таңдау жоқ.  Тіпті түсін таңдауға да мүмкіндік жоқ.

🚗 Ең сорақысы- салондарда автокөліктер тапшы екен ғой. Қоймалар да бос.

Бүгін бір бауырым барып, Хюндай Елантра Комфорт, бағасы 10 млн 290 мыңға заявка бергісі келген. Сізді кезекке қойдық. Бұл көлікті 5 ай күтесіз, хабарласамыз депті.

Ол дәл 🚶🏼‍♂️ осылай қайтты.

Елде шығарылмайтын, тіпті жоқ, болса да бағасы өттттеее қымбат көліктерді несиеге сататын бұл қандай бағдарлама?! Неғыса қатты неғымаңдар. Бар көліктеріңмен қанағат деп, жүре тұрыңдар дейін дегем ғой.

 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ,

журналист

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.7 / 5. Бағалар саны: 7

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.