Мәдениет

Мейіржан Төребаевтың әйелі блогерлер мен журналистерге өкпелі

Мейіржан

Дана Есеева қаржылық пирамиданы құрды деп күдікке ілінген күйеуі Мейіржан Төребаевтың ісіне қатысты жаңа деректерді жария етті. Блогер іс ушығып кеткенге дейін үндемеуінің себебін түсіндірді. Айтуынша, Мейіржан аузын ашқан жағдайда, оған қылмыстық іске жаңа баптар қосылады деп қоқан-лоққы көрсетілген деп хабарлады newsroom.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Мейіржан және мен жайлы жалған сөйлеп жүрген блогерлер мен журналистерді көрдім. Намысқа тиіп, шындыққа жанаспайтын сөздер айтуда. Бұл белгілі адамдардың тапсырысы немесе өтінішіне ұқсайды. Қазір ақпараттық соғыстың басталғанын көбісі түсінеді, бірақ оны бастаған біз емес. Біз ұзақ уақыт бойы үндемедік. Себебі Мейіржан аузын ашқан жағдайда үстінен баптар қосылатынын бізге ашық ескертті», – дедеді Дана Есеева.

Айтуынша, енді органдар оның көйлек дүкені мен тұшпара шығаратын фабрикасын тексеруге тырысуда.

«Енді мен 12 жыл бойы құрған бизнесті тексермекші. Бірақ ол жерден не табады? Көйлектер мен тұшпара? Қолда бардың бәріне таза еңбекпен жеттік. Күндіз-түні жұмыс істедік. Ал Мейіржан алданып қалса, ол сенгіштігінен. Сіздер түсіну үшін айтайын, ол қазір өзін таптағысы келетін адамдарға сеніп отыр», – деді Дана Есеева.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.