Мәдениет

Соңғы спектакілін қоя алмай кетті: Болат Атабаев қайтыс болды

Бүгін белгілі режиссер-диссидент Болат АТАБАЕВ дүниеден озды.

Бүгін белгілі режиссердиссидент Болат АТАБАЕВ дүниеден озды. Бұл туралы Мalim.kz сайтының тілшісіне актер Азамат ШАРҒЫН хабарлады.

Болат Атабаев соңғы 2-3 күн Қалқамандағы 7 аурухананың жансақтау бөліміне бүйрегіне суық тиіп түскен болатын. Бүгін таңертең дүниеден өтті. Келесі жылы жетпіске келетін режиссер қазақ театрына реформа жасаған қайраткер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Гете медалінің иегері.

«Ұстазымыздың дүниеден өткенін қарындасы Дана (Болат Атабаевтың қарындасы) апайдан естідік. Өкінішті. Әлі де берері көп еді. Соңғы жылдары Германиядан жинап алып келген тәжірбиесін, бойындағы барын жастарға беруге ықыласты еді. Көп дүние жоспарлап едік. Өте өкінішті», – деді Азамат Шарғын.  

Тоғыз жылға жуық Германияда тұрып келген режиссер Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясын қайта сахналағысы келетінін айтқан еді. Соңғы спектакілін қоя алмай кетті. Марқұм соңғы сұхбаттарын New Alash ютуб арнасына берген еді. Соны назарларыңызға ұсынамыз. 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.6 / 5. Бағалар саны: 15

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.