Мәдениет

«Қарағым-ай» әнімен танылған әнші әйеліне 50 жасында ұл таптырғанына мақтанды

Қарағым-ай

Атақты «Қарағым-ай» әнінің орындаушысы, көптен бері жұрт назарына ілінбей кеткен Сүлеймен Ибрагимов Youtube-арнасында журналист Марал Анарбекке берген сұқбатында әйеліне 50 жасында шекесі торсықтай ұл тапқызғанын айтып мақтанды деп жазды newsroom.kz порталы.

Айтуынша, Олжас есімді ұлы өзінің 50 жасында дүниеге келген. Оның тұсауын ақын Олжас Сүлейменов кесіпті.

«Кейбіреулер қалжыңдап «Елубай қоймадың ба?» дейді. Олжас деп есімін үйдегі жеңгең қойды. Олжалы бала болғанын қалады», – дейді әнші.

«Елуде ұл тапқызсаңыз, бұл сіздің мықтылығыңыз бен күштілігіңіз болып тұр ма?» деген журналисттің сұрағына:

«Құдайға шүкір! Алла берген денсаулықтың арқасы», – деп бір марқайып қойды ол.

Сонымен қатар, Сүлеймен Ибрагимов соңғы рет шығармашылық кешін 2007 жылы өткізгенін айтты. Алдағы уақытта тағы бір жеке концертін беруді жоспарлап отыр екен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.