Мәдениет

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы Көшербаевтың қатысуымен Түркістанда өтуде

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев баяндама жасады.

Түркістан қаласында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI құрылтайы басталды. Ауқымды шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Парламент депутаттары қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. 

Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында өтіп жатқан құрылтай, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің, облыстар мен қала басшылары бастаған делегаттардың басын қосты. Жиналған қауым алдында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев баяндама жасап, келелі басқосудың маңыздылығына тоқталды.

Жиында сондай-ақ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланып, ұйымның жаңа Жарғысы қабылданады деп күтілуде. Орталық тексеру алқасының есебі тыңдалып, Орталық кеңесінің жаңа құрамы таныстырылмақ. Бұдан өзге Қоғамның жаңа бағдарламасы мен құрылтай қаулысы қабылданады деп күтілуде. Ұйым жұмысына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар да марапатталмақ.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.