Мәдениет

Түркі Академиясы Армин Вамберидің кітабын шығарды

3.7
(3)

Бүгін Халықаралық Түркі Академиясы Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы елшілігімен және Назарбаев Университетімен бірлесіп көрнекті мажар түркологы Армин Вамбериге арналған конференция өткізді деп хабарлайды Академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында өткен алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мажарстан Елшілігінің Уақытша Сенімді Өкілі Анико Денге, Назарбаев Университетінің Қазақ тілі және түркология кафедрасының меңгерушісі Юлай Шамильоғлы және Назарбаев Университетінің тарих, философия және дінтану кафедрасының доценттері Халит Акарджа мен Кертис Мерфи, сонымен қатар, дипломатиялық миссия өкілдері мен халықаралық ұйымдардың басшылары, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері, Назарбаев Университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессорлары мен студенттері қатысты.

Фото: ТА баспасөз қызметі

Жиын барысында Халықаралық Түркі академиясы шығарған Армин Вамберидің «Путешествие по Средней Азии» атты кітабының таныстырылымы өтті. «Түркістан» сериясы аясында жарық көрген аталған еңбекте әйгілі саяхатшы Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениеті, этнографиясы мен географиясы туралы жазған.

Сонымен қатар, Армин Вамберидің өмірі мен қызметіне арналған көрме ұйымдастырылды.  Ғалымнның өміріне арналған көрмені Мажарстан Ғылым Академиясынан арнайы шақырылған белгілі мажар түркітанушысы Давид Шомфаи таныстырды.

Айта кету керек, Армин Вамбери – мажар түркологиясының негізін қалаушылардың бірі ретінде саналы ғұмырын ғылымға арнаған ғұлама ғалым. Ол тар жол тайғақ кешу сапарларда басын бәйгеге тігіп, Орта Азия елдеріне саяхат жасаған шоқтығы биік зерттеуші.

Ғұлама ғалымның бұдан өзге «Этнологиялық және этнографиялық тұрғыдан түрік нәсілдері»,  «Мажар  және түрк-татар сөз келісімдері», «Ұйғыр тіліндегі ескерткішер мен Құтадғұ білік», «Түрк-татар тілдерінің этимологиялық сөздігі», «Мажарлардың шығу тегі» «Шайбанинаме – өзбек батырлық жыры», «Моңғолия мен Сібірдегі көне түркі жазбалары» деген ғылыми құнды еңбектері бар.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button