Мәдениет

Қобызбен домбыраның музыкалық импровизациясы. АҚШ астанасында қазақ өнерінің кеші қалай өтті?

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің ұйымдастыруымен «Болашақ» стипендиаттары Дж.Вашингтон университетінде қазақ мәдениетімен таныстырды деп жазады newsroom.kz порталы  tarazy.kz сайтына сілтеме жасап.

АҚШ астанасында орналасқан Дж. Вашингтон университетінде Орталық Азия бағдарламасының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жібек жолы фестивалі» өтті. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі мен Абай орталығы қазақ мәдениетінің көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде қазақ ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен халық әндері орындалып, Абай орталығының жұмысы таныстырылды.

«Болашақ» стипендиаты, Абай орталығының координаторы Ертай Сұлтан мәдени іс-шараны жүргізіп, қонақтарға қазақтың халық әні «Бір баланы» орындады. Әнді бағдарламаның тағы бір стипендиаты Қазына Асанқызы қобызбен сүйемелдеді. Ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді насихаттауды мақсат тұтқан іс-шараға 200-ден астам қатысты.

«Хәкім Абай айтқандай “Өнерге әркімнің-ақ бар таласы… Дж. Уашингтон университетінде өткен “Жібек жолы фестивалі” аясында ҚР Елшілігі Embassy of Kazakhstan ұйымдастырған көрмеде қонақтарға AbaiCenter жұмысын таныстырудың және ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен қазақ халық әндерінен музыкалық импровизация ұсынудың сәті түсті. Қобызда әріптесім, Bolashaq халықаралық бағдарламасының стипендиаты Казына Асановна«, — дейді Ертай Сұлтан.

 

 

 

 

Тілші БАЛА

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.