Ахмет Байтұрсынұлы туралы көп сериалы фильмнің түсіріліміне қызу дайындық көрудеміз. Сценарийден кейінгі уайым – актерлер. Жақсы каст – жарым ырыс. Көп түкірсе – көл деп, осындағы жамағаттан да бір пікір сұрауды жөн деп таптым. Ахаңның рөліне кімді ұсынар едіңіз? – деп жазды белгілі кино режиссері Мұрат Есжан өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтына.
– Мүмкін басқа салада жүрген, бірақ тұлғасы мен болмысы Байтұрсынұлына жақын келетін танысыңыз бар шығар? – деген М.Есжан – Ахаңның адал жары болған Бәдрисафа анамыздың рөліне де түрі славян, тілі қазақ жақсы актриса керек. Ауыл-ауылда ұлты орыс, татар, неміс болса да, қазақшаға судай боп кеткен, әрі әңгіменің майын тамызып айтатын апайлар болады ғой. Сондай кісілерді танысаңыздар, айта отырыңыздар – деп өз постын түйіндеді.
Таныстарыңыз болса, таратыңыздар! Ұлт ағартушысы туралы сериалды бірге ұлықтайық.
