Мәдениет/Тарих

Мұқағалидің өлеңін оқып, жұрттың ықыласына бөленген бүлдіршін (видео)

5
(1)

Биыл ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы ел көлемінде атап өтілуде. Осыған байланысты әлеуметтік желіде ақынның «ШЕШЕ, СЕН БАҚЫТТЫСЫҢ» өлеңін оқыған Ырыс есімді үш жасар бүлдіршіннің видеосы желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленген болатын.

Дарынды бүлдіршіннің өнеріне өз ризашылығын білдіргендердің бірі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова (Мыса) болды. Депутат үш жасар Саяқызы Ырыстың ата-анасы мен жақын туыстарына алғысын білдіріп, құттықтау хат жолдады.

Дарынды шәкірттерге қолдау көрсетумен айналысып келе жатқан «MANGILIK EL JASTARY» қоғамдық қоры Алматы қаласы Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Саяның ата-анасымен кездесу ұйымдастырып, оған арнайы сыйлығын табыс етті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button