Мәдениет

Халықаралық түркі академиясының президенті түркі мемлекеттер ұйымының бас хатшысымен кездесті

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркі мемлекеттер ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесті

14 ақпанда Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркі мемлекеттер ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесті.

Нұр-Cұлтан қаласындағы іс-сапары аясында ТМҰ Бас хатшысы Бағдат Әміреев Академияның жаңа ғимаратына арнайы келіп, Түркі музейі мен кітапханасын аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Кездесу барысында тараптар Түркі әлемінің өзекті мәселелері мен қанаттас ұйымдардың күн тәртібінде тұрған маңызды жұмыстарды талқылап, алдағы іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Академия басшысы Д. Қыдырәлі Бас хатшы Бағдат Әміреевті Қазақстанның «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанғанымен құттықтады.

Өз кезегінде Бас хатшы Бағдат Әміреев Халықаралық Түркі академиясының  жаңа ғимаратымен құттықтап, ұйымның түркі әлемінің ғылыми интеграциясы бағытындағы жұмысын жоғары бағалап, алдағы жұмысына да сәттілік тіледі.

Жиын соңында Д. Қыдырәлі мәртебелі мейманға ризашылығын білдіріп, Академияның бағалы басылымдарын тарту етті.

Кездесуге сондай-ақ, Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджидли мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер МинистрілігініңТаяу, Орта Шығыс және Африка департаменті Көпжақты ынтымақтастық басқармасының басшысы Мерей Мұқажан қатысты.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.