Мәдениет/Тарих

Апамның қазасы. Сағыныш. Жоқшылық: қыз тағдырына қатты әсер ететін не?

5
(2)

Өмір ағысы өзгермегенімен, әр сәттің өз өзгешелігі болады. Жаратушының жарлығымен жатырға еніп, туған «міндеткер» адамдармыз. Міндеміз өмір сүру, дағдыға қалыптасу. Сәби кезіміз бесік жырымен есте қалса, тұлға боп қалыптасуымызға «жақсы шығармалар» әсер етеді.

Кітап – құндылығы зор құдіретті күшке ие. Адамды адам өзгерте алмаса да кітап өзгертері хақ.

Шетел түрмелерінде мынадай заң бар:

Қылмыскерлер күніне 1 кітап оқыса, жазасы жеңілдетіліп, 10 күнге қысқарып отырады. Міне, керемет! Рухани құндылықты дәріптегенімен қоса, теріс жолды таңдап, сүрінген адамдардың еңсесін көтеріп, өмірге қайта ғашық қып, санасына сан мыңдаған оқиғаны сіңдіріп, құштарлығын оятуда.

Қазіргі таңда көркем шығармалар көп оқылмайды. Алайда барлық адам оқуға тиіс тағылымы терең, айтар ойы көп, жанды емдеп, шырақ болар бір шығарма бар…

Бұл кітап қатты мінезімді жұмсартты. Жасым он сегізде. Уақыт мені тез есейтті. Апамның қазасынан кейін тұманды күнге таңғалмаймын. Күн шықса да қуанбайтын күй кештім. Апамның сүйікті қызыл көйлегі болатын. “Қызыл көрпені”оқығанда сабырсызданып сандықты ақтардым.

«Сұлу жүзің- ер адамның соры» дейтін. Дәптерге түртпесемде, түйсігімде сақтаулы. Кітап апаммен қоса тағы бір жанды еске түсірді. Ол-сағыну мен сабырды үйретті. Махаббат машақатсыз болмайды екен. Сезімге ерік бергенмен ақыл озық болады. Ақылды жүрекке бағындырса қалауыңсыз жасалған дүние. Жүрегіңді амалсыз ақылға бағындыру – ерлік. Екеуі бірге тоғысса қиындық болмаушы еді. Әттең…

Оқиға сексен жыл бұрын болған. Айырмашылық- сұрапыл соғыс пен жоқшылық. Майданнан көрі әскерден күту оңай. Арамызда мыңдаған километр. Сағынсақ кездесетін жер-түсіміз. Кітапта ғашықтардың түс көруін төртке бөлген. Біздікі біріншісі.

Әйел атауы әрқашан биік. Әйел қырық шырақты. Физикалық жағынан әлсіз. Алайда қиындыққа қайыспай төтеп береді. Құдіреті осы. Ең бастысы әйел -АНА. Адамнан адам шығу оңай емес. Бұл тақырыпты көп ойлайтынмын. Түйінге кітаппен жеттім. Жатырында жарық көруге талпынған сәби. Өзі де өмірі үшін күреседі. Өмірге келмей жатып өлімге аттанса, өмірмен қоштаспай бақилық болғаннан артық қасірет бар ма?

Қос ғашық сан түрлі сергелдең жолдан өтті. Ұзаққа бармады…

Осы кітапты бес жыл бұрын оқығанымда бүгінгідей өкінбес едім. Басты кейіпкердің образын өзімнен іздей бастадым. Бірі табылса, бірі жоқ. Жиюлы етек пен сыпайы жүз. Қызға тәні осы деп келдім. Қырық үйден тыйым дегенге көзқарасым қисық болды. Пендешілік болар. Қыздың қозғалған қолы да – тәрбие. Жымиған күлкісі, байыппен сөйлеген сөзі – әдеп. Ұзын қолаң шашы әдемі етеді. Қырық түрлі тыйым сақталса қыздың қадірі артады. Кеш түсінсем де керек дүние. Жүз пайыз өзгермеймін, тырысамын.

PS: «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы.

Інжу ӨМІРЗАҚ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close