Мәдениет

Үндістаннан келген студенттер Наурыз туралы не айтты?

Үндістаннан келген студенттер арнайы Наурыз мерекесі жайлы ойымен бөлісті деп хабарлайды newsroom.kz порталы

«Астана Медицина» университетінде білім алып жүрген Үндістан елінің студенттері әз-Наурыз мерексін тойлап жүр. Олардың айтуынша, Наурыз мерекесі – қазақ елініңі төл мерекесі, жылдың басы және осы мерекені қазақ елімен бірге қарсы алып жатқанымызға қуаныштымыз деді.

Сонымен қатар шет елдік студенттер  қазақ елінің  салт-дәстүріне қатысты да өз ойларымен бөлісті:

«Қазақстан және қазақ халқы өте мейірімді, ақкөңіл және де әр кезде де көмектесуге дайын тұрады. Біздің қазақ достарымыз өте көп. Университетте ағылшын тілінде білім алсақ та, қазақ тілін қоса үйреніп жүрміз. Қоғамда тілге қатысты ешқандай қиындық жоқ. Ел астанасында жергілікті тұрғындар, әсіресе жастар жағы ағылшын тілін жетік меңгерген. БІз олармен  еркін қарым-қатынас жасай аламыз»- деді.

Сонымен қатар шет елдік студенттер қазақтың ұлттық ойындары жайлы да ойларымен бөлісті:

«Қазақтың ұлттық ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бізге қатты ұнағаны асық ойыны және арқан тарту. Бұл ойынның тәрбиелік мәні де орасан зор. Адамның ойлау дағдысын қалыптастыратын, шыңдайтын ойын түрі болып табылады» – деді

Сұхбат соңында Үндістандық студенттер қазақтың ұлттық тағамдары жайлы да біраз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар алдағы уақытта дәстүрлі түрде Наурыз мерекесін атап өтетінлерін айтты.

 

 

Тілші бала

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.