Мәдениет/Тарих

Бүгін халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туған күні

0
(0)

Бүгін 23 сәуір Қазақстанның халық қаһарманы, партизан, жазушы Қасым Қайсеновтың көзі тірі болғанда 102 жасқа толатын еді. Көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар перзентінің өмірден өткеніне 14 жыл өтіпті. Оның Ұлы Отан соғысында от майданда көрсеткен ерліктері мәңгі есте қалады.
Қасым Қайсенов 1918 жылдың 23 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында, кедей шаруа отбасында өмірге келген. Он жеті жасында Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түскен ол, оқу орнын 1937 жылы аяқтайды. Жұбайы Асыл Қабышқызымен екеуі оқуды бірге бітіріп, 1937 жылы шаңырақ көтереді. Асыл әжеміз ол кезде 16 жаста болған екен. Ол өзінің қиын қыстау өмірін қасиетті Кереку жерінен бастаған. 1938 жылы Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істеген.

1940-1941 жылдары арнаулы әскери дайындық мектебінен өткеннен кейін жас Қасым, оңтүстік-батыс майданының штабына жіберіледі. 1941 жылы жау қолында қалған Украина жерін азат етуге аттандырылады. Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асырды. Қасым Қайсенов командирлік еткен отряды көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып, жауға соққы берген екен.
Соғыс аяқталған соң, отанына оралған батыр Қасым өзінің партизандық өмір жолын, қарулас жолдастарының қаһармандығын бейнелейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында» (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973), «Партизан соқпақтары» ( 1978) , «Переяслав партизандары» сияқты көптеген шығармалар жазды.

Қасым Қайсенов жайлы кинофильм де түсірілген.

Қасым Қайсенов Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденімен, «Богдан Хмельницкий» және «Чехославкия партизандары» ордендерімен, Кеңестік Одақтың көптеген орден, медальдарымен марапатталған. 1993 жылы Халық қаһарманы атағына ие болған.

Қасым Қайсенов 2006 жылы 30 желтоқсанда 89 жасында ұзақ аурудан көз жұмды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close