Мәдениет

Ернар Айдарға достары туған күнінде ерекше тосынсый жасады

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар 31 жасқа толды. Әншіні туған күнімен алғашқылардың бірі болып жақын достары құттықтаған, деп жазады Newsroom.kz порталы kznews.kz сайтына сілтеме жасап

Өнер иесінің достары оған күтпеген жерден тосынсый жасап, әртісті қатты қуантқан. Ерекше сәттің видеосын Ернар Айдардың өзі Instagram парақшасында бөлісті. Онда бір топ жігіттің әнші тоқтаған қонақ үйге келіп, оны сағат түнгі он екіден кейін бірінші болып құттықтағанын көруге болады. Ернардың жақындары оны мерекелік тортпен, әнмен қарсы алған. Кейін барлығы бірге далаға шыққанда шоу-бизнес өкілін тағы бір тосынсый күтіп тұрды. Ернар Айдардың достары оның құрметіне отшашу атып, туған күн иесіне керемет көңіл-күй сыйлаған.

«Отыз бірінші көктемім, қош келдің. Осындай тосынсый жасаған достарыма көп рахмет. Баршаңызға алдын ала рахмет», — деп жазды ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.