Мәдениет/Тарих

Мың орысты жекпе-жекке шақырған батыр

4.1
(14)

Тәуелсіздікке тәу етіп, тұғырымыздағы текті бақ екендігін сәт сайын еске алып, еркіндік еңсесінің самалы самайымызды өпкеніне ширек ғасыр болды деп бөркімізді аспаннан әрі атып, қуанышымызды көңіліміздегі атан түйеге артып бір жасап жатырмыз. Бәрі игілігі икемді іс. Құрбандықсыз ештеңе келмейтін өмір, өз заңын адамға жер әлем жаралғалы көзінің шарасына тақап дәлелдеп келеді. Ел Амангелдінің атқа мініп, Кейкінің құс мылтығы талай кадет корпустарын тамдаған орыс офицерлерін көздемей-ақ, құстай ұшырғанын біледі. Ел алдындағы батырлар қашанда бұқараның бұла жадында. Бірақ осы тұста қазақтың азаттығына азаматтық борышын атқа қонып, таққа қоныпта тигізген кей тұлғалар тарихтың тасасында қалыс қоятын кездер бар. Ол кезегі цензураның тектілікті тасаға тығып, тасадағыларға төбеден тас атқан саяси жүйесінің жүгені. Шүкір одан ада болдық. Орақ пен балғаның дәуірі келмеске кетті. Тарихты аршып, ақтарып алақайлап, мәңгілік елдіктің алғышарттарын бекем бекітіп жүрміз. Сол белгісіз батырлар мен тарихта төлқұжаты бар сардарлар егемендіктің еншісімен ашылып, ұрпақ зердесіне ұсынылып, насихатталып жатыр.

Қазіргі Ақтөбе облысының Қарабұтақ жері Бақсайыс болысына қараған мекен болғандығы, сол болыс ақсақалдары кеңес құрып, ақылман саналарымен сараптай келе жергілікті батыр жігіт, Төртқараның Құламанының Ақбота аталығынан ЖҰМАҒАЗЫ ЖҮРГЕНҰЛЫН хан көтеріп, сайлағаны, Хан ордасы болып қазіргі Қарабұтақ ауылының іргесіндегі ҮЙМОЛА қыстағының бекітілгендігі, патша жарлығына қарсы бұқара арасынан бірліктің нығайып, бес-ақ күнде 500 қолдың атқа қонып, азаттықты көксеп, еркіндікке ентелегені баян етілді. 5 мыңға жуық азамат атқа қонып, елдің еркіндігін алуға ұмтылғандығы ұлылық саналады.

Көтерілісшілерге көмекке Ырғыздың Қызылжар болысынан көмек келіп, Жұмағазы әскеріне қосылады. Сол кездегі Ырғыз мекенінің ханы болып Тайшым Орысұлы билік етеді. Патша әскерімен соғыс, қазақтың ертеден қалыптасқан майдандық менталитетін ХХ ғасырда қайталағанын деректерден байқаймыз. Себебі көтеріліс батыры болып, Шоқпарлы баһадүр, Кемпір батыр ойқастап жүреді. Абылай заманынан әріден қалыптасқан соғыс қағидасының бірегейі жекпе – жек өнерін меңгерген алып тұлға, келеген жазалаушы 1000 адамнан тұратын жасақтан өзіне ат үстіндегі жекпе – жекке шақырады. Уез начальнигі болып келген Несреров деген әскери шенді, сол заманда да осындай жүйенің сақталып қалғандығына таңданып, жаужүрек жігіттердің қазақ даласының түкпір-түкпірінде жер басып жүргендігін еріксіз мойындап: «- Мынау, қай халықтың өкілі? Қазақтың бәрі бұндай бола берсе, орыстың несі қалады…» деген екен…

Әлем сол шақта химиялық қару қолданып, зеңбіректерін зар еңіретіп тұрғанда дала төсіндегі аңғал батырлық, бұла күш, еркіндікті аңсау, ат үстіндегі намыс қазақты қашанда қазақтыққа жетелеп тұрады. Ол қазақтық – азаттық. Осынау шежірелі тарихтың парағымен өздігінен меңгеріп, танысу мүмкіндігін мұражай қызметкерлері құлақтандырып, жергілікті ақтаңдақ тарих анық жазылған Жиенғали Тілепбергеновтың «Жұмағазы Хан» әңгімесі Қарабұтақ жерінің өткен тарихын айшықтап, кеңінен насихаттайды. Ұлттың азаттығы ұлықтала беретін құндылық. Берекенің басы еркіндік. Оны талай қамытты мойнымен көтерген қазақ жақсы біледі.

Б.Нұр-Мұхаммед

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 14

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close