Мәдениет/Тарих

Қазақ елінің 110 жыл бұрын қабылданған 4 тараулы заңын білесіз бе?

5
(1)

Біздің төл тарих 1465 жылдан бастау алады. Қасымның қасқа жолы, Есімнің ескі жолы, Тәукенің жеті жарғысы ел басқарудың өзіндік ерекшелігін топтастырған толғауы терең тарихи заң еді. Кейін Алашорданың негізін қалаушы Бөкейхановтың тапсырмасымен Барлыбек Сыртанов «Қазақ елінің уставы» еңбегін жарыққа шығарады.

Қазақ елі Республикасын құру туралы иірімді идеясын дамытып, көлемді заңнама құрады.

1911 жылы азаттық үшін күрес жолында құрылған заң мен тәуелсіздік тізгінін тірек еткен кездегі құрылған заңның ұқсастықтары мен айырмашылығына мән берейік.

  1. Президенттің ел басқаруы, өкілеттілігі, вице-министр, мәжіліс депутаттары туралы заң екі жаққа да ортақ, бірдей.
  2. Адам баласының құқы туралы заң Сыртановтың еңбегінде мұсылмандық құқық нормаларына сәйкес құрылған. Ал Ата заңымыз көпұлтты мемлекетке арнайы бекітілген.
  3. «Қазақ елінің жері саудаға түспейді». Алашорда кезіндегі түсінік қазір талан таражға түсті. Жеріміз өзге елге сатылуға сәл қалды. Қалың қазақ бірігіп, мараторий жарияланды. Қуанышымызға орай, жер шетелдіктерге сатылмайтын болды.
  4. Жер салығы бұрыннан бар.
  5. Сот билігіне қатысты қағидалар да бір-біріне ұқсас. Судьяның ешкімнің үгіт-насихатынсыз, заңға бағынып, әділ шешім шығаруы конституциямызда да көрсетілген.

Құрылымы жағынан Қазақ елінің Уставы Преамбуладан, 4 тараудан және 28 баптан тұрады:

1-тарау Қазақ елі республикасының жеке болуы турасында

2-тарау Адам баласының хұқы турасында

3-тарау Қазақ жері турасында,

4-тарау Сот турасында деп аталады.

1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданған Ата заңымыз 9 баптан 98 тараудан тұрады. Қастерлі құжат саналатын бұл заң жинаққа күні бүгінге дейін жүзден астам өзгертулер енгізілді. Президентке қатысты бөлімнің өзі 33 рет жаңарған.

25 жасында Қазақ елінің алғашқы заңын жазған Барлыбек Сыртанов 28 жасында құрт аурынан дүние салады. Тарих тарауына толқу енгізген «Сыртанов» атына бүгін де 106 жыл толды.

PS: Орда бұзар отыз жасқа жеттік, Ата заң жүз рет өзгерді. Бірақ жүйе бір. Қырықта қамал алуға шама жете ме? Оған заң аясының толық қатысы бар…

Інжу ӨМІРЗАҚ

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close