Мәдениет/Тарих

Фантастика туралы туындылар

1
(1)

Қазақ халқы ертеден ырымшыл келеді. Айналасында болып жатқан оқиғаларды, табиғи құбылыстарды, ауа-райының құбылуын, жұлдыздардың көкте орналасуын ғажайыпқа теңеген. Тіпті, ғажайыпқа балаған дүниелерді ырым – тиыммен сабақтастырған. Осы мәнде қазақ әдебиетінде қиял-ғажайыпқа толы туындылар да жоқ емес.

«Жер астына саяхат» А. Машанидің 1957 жылы жарық көрген  кітабы. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы фантастикалық туынды. Геологиялық тақырыптағы оқырманды өзіне елітіп, қазақ әдебиетіндегі ғылыми фантастикалық туындыларға жол ашқан алғашқы кітап. Аты айтып тұрғандай, кітап бастан аяқ жер астындағы оқиғалар туралы суреттеледі. Автордың өзі сол саланың адамы болған соң, мантия мен ядро туралы сыр шертеді. Жер астындағы саяхаттың көрінісін, ғылыми-фантастикалық түрде әдемі жеткізеді.

«Ғарыштағы қымыз» Абдулхамит Мархабаев. «Альфа» планетасына сапар шегіп, қонақ боп барған бір топ делегат, оның ішінде ақсақалдың оқиғасымен өрбиді. Бұл жерде Нептун, Сатурн планетасының аты аталады. Өзге планетаға қонақ боп барған, ақсақалдың кенеттен құлауы, роботтың ақсақалға көмек беріп, ұстап қалуы, жат планетадағы роботтардың ақсақал өмірін аман алып қалуы үшін, істеген әрекеттері әңгімеде өте қызық баяндалады.

«Космотарих куәсі» Ж. Сахиев. Осыдан миллион жыл бұрын жер ғаламшарында адам сенгісіз оқиғалар болған. Бұл ғылыми-фантастикалық роман өз оқырманына аспан әлеміне бір мезетке саяхаттауға мүмкіндік береді. Шығарма адамды сонау аспан әлеміне, ішкі түйсігіндегі арман – мақсатына, жарқын болашағына жетелейді. Сіздерге қызық болуы үшін кітаптың бір құпиясымен бөлісейін. Бұл әңгіме – динозаврдың жер бетінде болып, қалай жоқ боп кеткенін, құйрықты жұлдыздың аңызын ғылыми түрде, еркін тілде жеткізеді.

«Ғажайып сәуле»  М. Сәрсеке. Әңгіме ерекше сюжетте өршиді. Көрінбейтін адам мен ғажайып сәуленің қайдан шыққаны, адам ағзасына зиян химиялық және физикалық қосылыстардың немесе жердің құрауыш бөлігі ядроның құрамындағы нейтрондар мен протондардың тіршілік иелерінің ағзасына тигізетін зияны, сондай-ақ, романның не үшін «Ғажайып сәуле» деп аталатынын жеткізеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close